1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


«Алаш» қозғалысы және екінші жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының бағдарламасы



бет99/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

50.«Алаш» қозғалысы және екінші жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.
Мәселелер
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды.
Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы.
Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады…
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.
Нәтижесі.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты.1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.
Қазақ газетінде алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
1.Басқару
2.Автономия
3.Құқық
4.Сот жүйесі
5.Қорғаныс
7.Жер мәселесі
6.Дін
8.Білім
10.Жұмысшы мәселесі
1914 жылдың тамыз айында басталған бірінші дүниежүзілік соғыс, оған Ресейдің кірісуі, Қазақстан халықтарына ауыр жүк болды. Қазақстан майданға нан, ет, май, мал, жемшөп, арба, киіз үйлер және т.б. тауарлар жіберді. Салық көлемі 4 есе өсті. Жұмысшылар жетіспеді, майданға қоныс аударғандарды да әкетті.бұл әрекет олардың арасында наразылық туғызып, бүлікке әкелді. Өндіріс саласындағы жұмысшылардың да жағдайы мәз болмады. Жұмыс күні 14 сағатқа дейін ұзарып, жалақы азайды. Осының салдарынан Рудный, Алтай, Жезқазған, Қарсақбай, Қарағанды, Екібастұз өнеркәсіптерінде, теміржол жұмысшылары 1915-1916 жылдары көтеріліске шықты. Әсіресе, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы өте ауырлады. Өкімет орыс офцерлерін, шенеуніктердің, христиан басшыларының және орыс шаруаларының пайдасына қазақтың жерлерін таратуды тоқтатқан жоқ. Өлкедегі саяси жағдай қауіпті болды. Өлкедегі саяси жағдай қауіпті болды.
Халықтың көтерілісіне ақ патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғысы түрткі болды. Құжат бойынша 18-43 жас аралығындағы жергілікті халық тыл жұмысына шақырылған болатын. Шақыру дәл ауылшаруашылық жұмыстарының науқанына келген және тізімге алынғандардың жасымен айлалы әрекет жасау қазақ қауымын көтеріліске әкелді. Қазақтар патша билігіне қарсы шықты. Негізгі көтеріліс ошақтары Жетісу мен Торғайда болды. көтеріліске шыққандар әкімшіліктерді, патша станцияларын өртеп, телеграфтарды бүлдіріп, жазалаушы отрядтарына батыл қарсылық көрсетті. Білік күрескендерге қарсы қатал әдістер қолданды – жаппай түрде қамауға алу, дала әскери соттар тергеусіз дереу үкімдер шығарып, жазалаған, өлім жазасына берген.
Жетісуда халық көтерілісін Т.Бокин мен Б.Әшекеев басқарды. Өкінішке орай, бой көтергендердің арасында ұйымшылдық болмағасын және стияхиялық тұрғыда жүрген көтеріліс 1916 жылы күзінде жеңіліске әкеп соқтырды. Түркістан генерал-губернаторлығы Куропаткиннің мәліметі бойынша 1917 жылы 1 ақпанда өлім жазасына 347 адам кесілді, каторга жұмысына 129 адам отырғызылды, ал тергеусіз, сотсыз жазалағандардың тізімі сақталмаған. Көтерілістің негізгі ошағы енді Торғайға ауысты. Торғайға А.Иманов пен А.Жангелдиннің қол астына 50 000 адам жиналған. Дұрыс жүргізілген әскери басқарудың арқасында қабілетті әскер құрылдыф. Оларға қарсы жіберілген жергілдікті жазалаушылар жеңіліп қалды. Сондықтан, патшаның бұйрығы бойынша Торғай даласына майданнан шықырылған ерекше полк жіберілді. Сонда да көтеріліс жеңілмеді, ол ақпан революциясымен ұштасып кетті.
1916 жылы қазақтардың көтеріліс отарлыққа қарсы, ұлт-азаттық бағытта болды. оның неегізгі қозғаушы күштері қазақ шаруалары болған патшалықтың қатал әсекеттеріне қарамай, көтеріліс қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін табанды күреске дайын екенін көрсетті. 1916 жылы көтеріліс С.Датұлы, М.Өтемісұлы, мен И.Тайманұлы, К.Қасымұлы бастаған көтерілістер қатарында тұрғаны сөзсіз.
2. І дүниежүзілік соғыс Ресей империясына саяси, экономикалық, әлеуметтік жағына өте ауыр тиді. 1917 жылы ақпан айына қарай мемлекет революциялық жағдарысқа ұшырады. Патша тағынан айырылды. Ресейде буржуазиялық демократиялық революция жеңді. Бірақта революция қоғамда орын алған мәселелерді шеше алмады, жаңа билік осал болып шықты. Мемлекетте қос билік құрылды. Жағдайды пайдаланған большевиктер 1917 жылы 25 қазанында билікті өз қолына алды. Ресейде социалистік революция жарияланды.
Қазақстанда Кеңестер билігі 1917 жылы қазан айынан басталып 1919 жылы наурыз-сәуір айларынан арасында орнады. Жаңа саяси тәртіптік орнауы басталған азамат соғысына ілікті. Қазақтардың ұлттық мемлекет құру арманы орындалған жоқ. Большевиктер унитарлық мемлекет құра бастады.
Сонымен 1917 жылы революциялардың салдарында Ресей мемлекетінде қоғамның саяси жүйесі және саяси тәртібі күрт өзгерді.
Кеңестер билігі большевиктердің саяси бағдарламасын іске асыра бастады. Қазақстан Кеңестер мемлекетінің құрамына кірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайын күрт төмендетті. Ресей революциялық дағдарысқа ұшырпады. Патша бұл жағдайдан шығу жолын таппай, тағынан айрылды. Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңді, билікке буржуазия келді. Құрылған Уақытша өкіметті А.Ф.Керенский басқарды.
Ақпан революциясын халық қуана қарсы алды. Демократиялық тұрғыдағы интеллигенция өз арманын іске асыруды көздеді. Жергілікті Уақытша өкімет органдары қазақ зиялы қауым өкілдері басқарды.
Ақпан революциясын халық қуана қарсы алды. Демократиялық тұрғыдағы интеллигенция өз арманын іске асыруды көздеді. Жергілікті Уақытша өкімет органдары қазақ зиялы қауым өкілдері басқарды. Қатарымкен казак, мұсылман қазақ, татар комитеттері құрыла бастады. Ірі қалаларда жұмысшылар большевизм идеясын насихаттап жұмысшылар комитеттерін құрған. Олар болашақ кеңес билігіне ұйытқы болды.
1917 жылы көктемнен бастап съездер (құрылтайлар) өтті, олар қазақстанның болашағын талқылады. І съезд 1917 жылы 21-26 шілдесіенде Орынборда өтті. Онда “Алаш” партиясы жарияланды, оның басшысы болып А.Бөкейханов тағайындалды.
Бірақта ақпан революциясы алдына қойылған мақсаттарын іске асыра алмады. Уақытша биліктің абыройы болмады. Большевиктердің ұрандары “Барлық билік Кеңестерге!”, “Жерді шаруаларға, зауыттарды жұмысшыларға!” халыққа ұнамды болды.
1917 жылы 25-нен 26 қазанға қараған түнде Петроградта большевиктер билікті өз қолына алды. Уақытша өкімет құлады. 26 қазан 1917 жылы жаңа билік өзінің алғашқы Декреттерін жариялады – “Жер туралы”, “Бейбітшілік туралы”. 1917 жылдың 3 қарашасында “Ресей халықтарының құқықтары туралы” Декларация жарияланды, онда барлық халықтардың теңдігі, әр халық өз ттағдырына ие, сондықтан дербес болуға құқылы деп жазылған. 20 қарашада Кеңестер өкіметі “Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандар қауыма” деген үндеуінде барлық ұлттық мекемелерді, мәдениетті, әдет-дәстүрлерді, дінді дербес деп көрсетті. Ресейде социалистік революция осылай басталды.
Кеңестер билігі Қазақстанда бүкіл Ресейдегі сияқты 1917 жылы қазан-қарашасынан 1918 жылғы наурыз-сәуір арасында орнады. Ұлттық тұрғыдағы қазақ интеллигенциясы “Ресей халықтарының құқықтары туралы Декларацияға” арқа сүйеп ұлттық автономия құру басталды. 1917 жылы 26-27 қарашасында мұсылмандардың төтенше құрылтайы Коқан қаласында Түркістан автономиясын жариялады. Басында төрағасы М.Тынышпаев болса, кейін М.Шоқай тағайындалды. Бірақта, 1918 жылы ақпан айында большевиктер жас автономияны талқандап тастады.
1917 жылы желтоқсанда өткен ІІ қазақ съезі Орталық Ресецйден Қазақстанға жаңа билікті орнату үшін көмекшілер жіберілді. Олар, П.Кабозев, Ә.Жангелдин, В.Ченмарев және т.б. қазақ арасынан Кеңес билігін орнатуға белсенді түрде қатысуға шыққандардың қатарында С.Сейфуллин, Т.Бокин, А.Иманов, О.Жандосов, Ә.Әйтиев және т.б. тұрды. Басқа ұлттардың өкілдерін айтсақ, олар – А.Розыбакиев, П. Виноградов, Л. Емелев, В.Зинченко және т.б.
Кеңестер билігі бейбіт жолымен де қарумен орнатылды, ол қалыптасқан жағдаймен байланысты болды. мысалы, орынболр, Орал, Жетісу аймақтарында конрреволюция бой көтерсе, Перовск, шымкент, Әулие-ата, Түркістан, Қазалы, Арал, Петропавл мекендерде революцияны қолдаушылар басымды болған. Жаңа билікті орнатуға жұмысшы табы зор үлес қосты. Солтүстік-шығыс аймағында (Көкшетау, Семей, Павлодар, Өскемен, Семей) Кеңес үкіметі үшін қан төгілді.
Торғай, Ақтөбе, қостанай аймағында жаңа биліктің орнауы қиынға түскен жоқ. Ал Жетісуда қазақтардың қарсылығы тең 1918 жылы наурыздың басында ғана большевиктерге жеңіс әкелді.
“Алаш” автономиясын жариялап, А.Бөкейханов басқарған “Алаш орда” өкіметін құрды. Мәскеу оларды мойындамағасын, “Алаш Орда” контрреволюциямен қызметтес болды. Большевиктерге қарсы күрестің болашағы жоқ екенін түсінген “Алаш орда” кеңестер жағына шықты. 1919 жылы желтоқсан айында 1920 жылы наурыз айында Кеңестер билігі “Алаш Орданы” тарқатып жіберді.
Сонымен, Кеңестер билігі күрделі жағдайда орнады, жаңа билікті зиялы қауым бірден қабылдаған жоқ, кейбір кезде большевиктер күш қолданып, қысым жасады. Қатардағы қазақтар жаңа билікті басқару процесін де түсінді.
1917 жылы ақпан революциясы ұлттық интеллигенцияны белсенділікке тартып, саяси құрылысқа жол ашты. Құрылған “Алаш” партиясы, 1917 жылы 21 қарашасында “Қазақ” газетінде өзінің саяси бағдарламасын жариялады. Партияның негізгі мақсаты – қазақ мемлекетін автономия дәрежесінде құру еді.
1917-1918 жылдардағы оқиғалар қазақ халқы өзінің көздеген мақсатына жете алмағандығын көрсетті. Қазақстан Ресейдің үстемдігінен шыға алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет