17. Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландырудыжүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақелінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. СолтүстікҚазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкенттежәне Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді.
1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.
18. 1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы).
1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсында қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күштеп жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары, қазіргі тілмен айтқанда қазақ меценаттары қудаланды. 1932 жылы Ораз Исаевтың Сталинге жолданған хатында жазылғандай: «...Байлардың көптеген аудандарда белгілі бір табысқа жеткенін мойындау керек. Бұл 1930-1931 жылдары байлардың Алтайдан Маңғыстауға дейін едәуір ірі-ірі контрреволюциялық бас көтерулер ұйымдастыра алғанынан ерекше айқын көрінді. 1930 жылдары басталған байлардытап ретiнде жою науқаны, 1918-20 жылдардан бастау алатын саяси қуғын-сүргiнді одан әрі өршітті. Тәркілеугетартылған адамдар 3 категорияға бөлінгенеді: Біріншісі концентрациялық лагерлергежабылды; екіншісі шалғай жерлерге жераударылды; үшіншісі колхоздардан тыс жерлерге қоныс аударылды. Жаппайтәркілеудің азабын өзге ұлт өкiлдерi де тартты.Қазақ даласында «оттай лаулаған» ашаршылық туралы көрнектi қазақ зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәскеуге ресми хаттар дайындады.
Сол кездегі ресми мәліметтерде 1933 жылыҚазақстанның 104 ауданындағы 206 мың адам азық-түлік көмегіне зәру болған.
Достарыңызбен бөлісу: |