20. Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы- Қазақстанаумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.1925 жылдың15 маусымынан1936 жылдың5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
1937 жылдың 26 наурызында Бүкіл қазақ Кеңестерінің Х төтенше съезінде Қазақ КСР-нің Конституциясы қабылданды. Конституция 11 тарауға топтастырылған 125 баптан құралды. 1-тарауда қоғамдық құрылыс анықталды. Мұнда ҚазКСР-і жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді (1-бап). ҚазКСР-нің саяси негізі ретінде еңбекші депутаттардың кеңестері бекітілді (2-бап). Ал елдің экономикалық негізін социалистік-шаруашылық жүйе мен социалистік меншіктегі өндіріс құрал-саймандары құрады (4-бап). Социалистік меншік мемлекет меншігі мен ұжымшардың (колхоз) кооперативтік меншігі нысанында болды. Сонымен қатар азаматтардың жеке бас қажетіне жарататын өзіндік меншігі де мойындалды.
21. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
22. XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты.