58. 1993 және 1995 жж. ҚР Конституциялары. Мемлекеттік басқару органдары: Президент, Парламент және Үкімет.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Републикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен,21 тараудан,131 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті 7 жыл мерзімге сайланды. Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы-унитарлы. Республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді –Ту,Елтаңба,Ә нұранды қастерлеуге тиіс. 1993 ж Конституция тарихи маңызы-Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі боп айқындалды.
1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституция қабылданды. Конституция 9 бөлімнен,98 баптан тұрады.Бұл Конституцияның тарихи маңызы-Егеменді Қазақстан әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы,өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері ,әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |