Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата аналар!



Дата01.09.2022
өлшемі14,79 Kb.
#38350
түріБағдарламасы

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Өткен жылы елімізде болған пандемиядан кейінгі қиындықтарға қарамастан мектебіміз өзіне жүктелген жауапкершілікті, ата аналардың сенімін абыроймен ақтап шықты. Осы қысқа уақыт мерзімінде мектебіміз оқу процесіне әлемдік дәрежеде мойындалған Сингапур оқу бағдарламасымен, еліміздің үздік мектептері саналатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS program оқу бағдарламаларын енгізді. Бұл озық тәжірибелер оқушыларымыздың өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің білікті, бәсекеге қабілетті азаматы болып өсуіне мүмкіндік береді.


Мектебіміз үшін аса жағымды жаңалықтардың бірі – Ақбөбек халықаралық мектебі Батыс өңірінің мектептері арасында Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшелігіне кірген алғашқы мектеп болып табылады. CIS қауымдастығына мүшелікке кіру - мектептің үнемі өзін-өзі кемелдендірумен қатар, келешектегі дамудың зор мүмкіншіліктеріне жол ашады. Бұл жағымды жаңалық мектеп ұжымы мен оқушылар үшін тың мүмкіндіктер мен толағай табыстардың бастауы болмақ.
Бұл ортақ жеңіс бірнеше күннің емес, білім ордасының ашылған сәттен бері, ұжымның жүйелі түрде аянбай атқарған еңбегінің жемісі екенін атап өткен жөн.
Биылғы оқу жылы сіз бен біз үшін ерекше болмақ. Осы жылы мектебімізді 33 түлек аяқтағалы отыр. Қатарымызға жаңадан қосылғалы отырған мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына айтарым Ақбөбек Халықаралық мектебін таңдап сіз өте дұрыс, маңызды таңдау жасадыңыз! Құрметті жас түлек, Ақбөбек халықаралық мектебінде алған білімдеріңіздің арқасында Сіздер әлемнің немесе еліміздің беделді, белді жоғары оқу орындарына қалаған мамандық бойынша түсетіндеріңізге сенімім зор.

Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған, БҮЛДІРШІНДЕР!!!


Сіздер үшін бұл айтулы мереке, және бүгінгі күн жүректеріңізде мәңгіге сақталары анық. Сіздер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашаққа жасайтын маңызды қадам да. Сол себепті, мектеп ұжымы сіздердің Ақбөбек халықаралық мектебіндегі әр сағатыңыз қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтармен ұштасатындай барлық жағдайды жасаймыз!


БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет