2. Қазақстанның экологиялық проблемалары мен оларды шешу жолдарына талдау жасаңыз 3.Қоректенуі бойынша организмдердің топтарына сипаттама беріңіз 1.Илікті өсімдік түрлерін сипаттап, ресурстық қорларына түсінік беріңіз. Илік өсімдіктер - шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелгені.Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда практикада багалы, қүрамында таниндер бар 20-дан астам түрлер анықталды, олардың ішінде ең белгілілері: Polygonym (горец дубильный - илік таран), Polygonum bucharicum (горец бухарский - Бүқара тараны), Rumex tianschanicus (щавель Тянь-шаньский - Тянь-шань қымыздығы), Rumex paulsenianus (щавель Паульсена - Паульсен қымыздығы), Rheum tataricum (ревень татарский - түйе жапырақ татар рауғашы), Rheum maximowozii (ревень Максимовича - Максимович рауғашы). Бұл өсімдіктердің кұрғақ тамырларының қоры 200 мың тонна шамасында.
Таннин сыртқа тұтқыр дәрі ретінде және қабынуға қарсы ұнтақ, сеппе, сүртпе май, сулы, спиртті және глицеринді ертінді ретінде қолданылады.
Еменнің қабығы –Cortex Quercus. Емен қабығы жазғұтыры (жапырақ шықпастан бұрын) еменнің жас бұтақтары мен сүректерінен аршыланады. Оның құрамында 10-15 % таннин кездеседі. еменнің қабығы қайнатынды, ұнтақ, болюс және ботқа формаларында таннин қолданылатын жағдайларда тағайындалады.
Таннальбин – Tannaibinum. Бұл таннин мен белоктың қосындысы. Мұндай қосындының құрамына 50% таннин кіреді және ол формасыз, қоңыр түсті ұнтақ болып келеді; су мен спиртте ерімейді деуге де болады. Ішке тағайындаған кезде таннальбин шек сілтісінің әсерімен ажырап, құрамынан таннинді босатады, ал босаған таннин тұтқыр әсер тигізеді.
Танноформ – Tannoformium. Бұл таннин мен формальдегидтің қосындысы; суда ерімейтін, аздап спиртте еритін, дәмсіз және иіссіз, қызғылт ұнтақ. Ішектегі сілтіде еріп, құрамынан формальдегид бөліп шығарады. Босаған формальдегид дезинфекциялағыш, ал таннин тұтқыр әсер етеді.
Илік заттар өсімдіктердің əр түрлі мүшелерінде, көп мөлшерде қабықта, тамырда, тамырсабақта, аз мөлшерде жапырақты, сабақта жəне жеміс қабықтарында жинақталады.
Шай, кофе, шоколад, хурма, көкжидек , айва, гранат, жүзім, жаңғақ және дәмдеуіштер сияқты кейбір тағам өнімдерінде таниналар көп. Ағаштардың арасында таниндерде талдың, қарағайдың, асиннің, хищнінің, бук бар.
2. Қазақстанның экологиялық проблемалары мен оларды шешу жолдарына талдау жасаңыз Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары қандай: