2.Ю.Либихтың «минимум заңын» түсіндіріп, мысал келтіріңіз
1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Миниммумен қатар максимумның де шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфодтың толеранттық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқуы диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударған tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды
3.Популяцияның жастық құрылымын анықтауды тұжырымдаңыз
Популяцияны қүрайтын әріүрлі жастағы топтардың сандык қатынасы популяциянын жастық қүрамы деп аталады. Жастык қатынас популяциядағы дарақтардың жалпы санынан қаншасы қай жастағы дарақгардың үлесіне тиесілі
екенін мэлімдейді.
Жануарлардың «жасы» деген үғым екі түрлі мағына береді. Біріншіден, ол белгілі бір топтағы жануарлардың өмір сүре бастағаннан бергі уақытты көрсетеді. түрғыда ол ағзалардың нағыз күнтізбелік (бэлкім дүрысы жылнамалық) жасын яғни дамып жетілуінің қай сатысында екенін көрсетеді. Ағзалардың биологиялық
жасы олардың өмір сүрген уақытымен (күн, ай, жыл) емес, жеке басының даму сатысымен (жүмыртқа, дернэсіл, төл, балапан, ересек) есептеледі. Популяцияның дер кезіндегі сипатын білуге жэне алдағы уақытта қүрамы қалай өзгеретініне
болжам жасауға биологиялық жас қүрамын білудің маңызы зор.
Жасын күнтізбелік және биологиялық жас деп бөлудің негізгі себебі: кей жануар қысқа мерзімнің ішінде дамып жетіліп жылына бір неше рет төлдейді. Мысалы қаптесер тышкан жылына 2 - 3 рет, егеуқұйрық 3 - 4 балалайды. Бақша бітесі жаздың 3 айында 13 - 15 рет туып үрпақ шашады. Сондықган олардын популяциядағы жасын күнтізбелік уақытпен қарастыру мүмкін емес.
Жэне олардың популяциясында бірнеше үрпақтың дарақтары катар кездеседі.
Популяциядағы дараклгардың ортаға қоятын талабы жэне ортаның факторларының эсеріне төзімділігі жасына карай өзгеріп отырады. Кейбір жануарлар жеке басының даму сатыларының әр кезеңінде тіршілік ететін ортасын ауыстырады. Сонымен қатар қоректену амалы, қорегінің қүрамы козғалысьгаың сипаты өзгереді.
Мысалы шөпбақа қүрлықта, оның бақашабағы суда тіршілік етеді.Көбелек ауада үшып, гүлдін шырынын сорып, ал оның дернэсілі (жұлдызқұрт) жапырақ жеп, өсімдіктің бойымен жорғалап козғалып тіршілік етеді. Инеліктің дернәсілі - суда, ал ересейіп қанатганған инелік кұрлықта ұшып ж\ріп маса, шыбын жеп қоректенеді. Кей жағдайда жануардың өмірінің барлық кезеңдеріне қажетті кейбір тек қане жастық кезеңінде атқарылады. Мысалы толық түрпену (ғолометабола) арқьшы дамитын көптеғен жәндіктер ересейғен сатысында қоректенбейді. Қоректену, өсіп жетіліуіне кажетті энерғиялық қор жинау міндеті дернәсілдік сатысында атқарылады. Ересейіп жетілғен дарақтары тек таралу, көбею міндетін атқарады. Бұл айтылғандардан біз жануарлардың биолоғиялық жасының әрбірі кезеңінде олардьщ өз популяциясына атқаратын міндетінің маңызы әр түрлі екенін көреміз.
12 Билет
1.Қазақстанның таулы аймақтарының өсімдік ресурстарының таралу ерекшеліктері түсіндіріңіз
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған.. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдыңтаулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталарымол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулертеректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалыормандардан тұрады.
''Итмұрын''' ({{lang-la|Rōsa}}) — [[раушангүлдер]] тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер [[медицина]]да негізінен [[асқазан]] және [[бауыр]] ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін [[шай]]дың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — [[парфюмерия]] өндірісінде пайдаланылады
табылады.
. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді.
Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғаттамыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғанакең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаштүрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болыпкеледі. Жапырақтарының ұзындығы - 6 см, ені - 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айыныңсоңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасынатаман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшетіжеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескереотырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ қалакөшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес әрі тікенекті болғандықтан, долананыкөбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларындақырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, доланатөзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананыңжемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілерорталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшықеттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымынжақсартады.
Кез келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Ашық күн көзінде өскенді қалайды. Жаздың ыстықкүндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамдыәрі қысқы суыққа да төзімді.
Тұқымы және қалемшелері арқылы көбейтіледі. Сұрыптытүрлерін арнайы жылыжайларда ғана көбейтеді.
Самырсын (лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-гедейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны(A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқанжапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналықтұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыртүсті, бірінші жылы піседі. Тұқымытөңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшінқолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желімретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшінпайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.
Көкнәр(лат. Papáver) – көкнәрлер тұқымдасына жататынбір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған11 түрі бар. Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулыаудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынандәрі алынады. Піскен Көкнәртұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түктіжапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүлсағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көптұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояуөндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппеКөкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сиреккездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызылкітабына» енгізілген. Көкнәрдің өз құрамында папаверин, морфин, кадеин, апиын деп аталатын алколоидтар болады. Тұқым шашар алдында осы алколоидтар оныңқалпақшасына жиналады, ал тұқымының құрамындаалколоидтар болмайды. Сондықтан да, көкнәрдің тұқымытамақ, өнер кәсібінде жиі қолданылады.
2.Линдеман заңы «10 % ережесіне» сипаттама беріп, мысал келтіріңіз.
Қарапайым қоректік тізбекте энергия ағымы сипатталады
Қоректік тізбектегі энергия алмасу. 8% энергия бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде
Заттар мен энергия тасымалдануының әрбір кезеңінде шамамен 90 %- і жоғалады және олардың 1/10 бөлігі ғана келесі тұтынушыға көшеді. Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р.Линдеман ашқандықтан, кейде оны «Линдеман заңы» деп те атайды.
Пирамида негізін 1-ші деңгей (продуценттер деңгейі) құрайды, ал келесі деңгейлері пирамиданың қатар және төбесін түзеді. 1927 жылы Ч.Элтон зерттеді. Экологиялық пирамиданың негізгі үш түрі болады:
Сандар пирамидасы (м2/даралар саны) - әртүрлі қоректік деңгейдегі организмдердің санын көрсетеді.
Биомасса пирамидасы-(г/м2)әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы құрғақ салмағын сипаттайды.
Энергия пирамидасы- (Дж/м2 жыл)-қоректік деңгейдегі энергия ағынының немесе "өнімділігінің" шамасын көрсетеді.
Экологиялық пирамида
Сандар пирамидасы (Ч.Элтон 1927ж)
Биомасса пирамидасы (көл)
Энергия пирамидасы
3.Жауын-шашын және қардың тірі организмдерге әсеріне талдау жасаңыз.
Жауын – шашынның емдік қасиеттері ерте заманнан бері белгілі. Адамдар оны шомылу және тамақ әзірлеу үшін қолданған. Қазіргі заманда ғалымдар, әйелдерге беттерін жұмсақ жаңбыр суымен жууға кеңес беруде. Өйткені, ол терінің ылғалдылығын сақтайды. Күзгі жауын-шашын жақсы болса, келесі жылы мол егін болады. Құрғақшылық болған жағдайдың өзінде, ол өнімділікке әсер етпейді. Жаңбыр тамшыларының дыбысы – босаңсуға көмектесетін дыбыстық терапия. Жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдарға аса пайдалы. Сонымен қатар, жаңбырдан кейін ауа тазарып, тыныс алу жеңілдейді. Ол – жазда өсімдіктердің қурап қалмауына көмегін тигізеді. Сондай-ақ, жаңбырлы аймақтарда орналасқан өсімдіктер жылдам және үлкен болып өседі. Орман өрттерінің саны азаяды!
Зияны Сарапшылардың пікірінше, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайда болуы және автокөлік санының көбеюі, жаңбыр суының бұрынғыдай пайдалы емес екендігін айтады. Индустрияландырылған аймақта өмір сүретін болсаңыз, онда жаңбыр суы қышқыл болады. Бұл жауыннын астында жиі қалған жағдайда, шаш түсіп, организм улануы мүмкін. Күкірт және азоттың көп мөлшерде болғандығынан, мұндай суды тұрмыста қолдану, адам үшін қауіптііі.
Қар жамылғысы— жер бетіне жылдың қыс мезгілінде немесе суық күндері кристалл түріндегі қатты атмосфералық жауын-шашын түрі - қар жаууы нәтижесінде қалыптасатын қар қабаты. қыста ауырсынуды сезіну біршама төмендейді. Себебі -5 градустан төмен температурада жүйке ұштарының сезімталдығы азаяды. Олар миға дабыл беруін азайтады. Сондықтан ауырған, ауыртып алған жағдайда аязда серуендесе, ол біршама басылады. Аяз жүйке ширығуын, бас ауыруын басады.
Қыста жаздағыдай аллергия туындататын тозаңдар жоқ. Сондықтан да бұл кезде тыныс жолдары тазаланып қалады. Дегенмен аязға аллергия болуы мүмкін. 5 минуттай орташа, салқын жерде болу керек.
Қыста ағзаны жылытуға көбірек қуат керек. Сондықтан бұл кезде көмірсулар мен майларды «жағу» жақсы жүреді. Бірер сағат серуен құрсаңыз, оның салмақ тастауға пайдасы бар. (Дегенмен майды «көп жұмсамау» жағын да ойлап қою керек. Өйткені ол жылуды жақсы өткізеді, жаурап қалғанда тез жылыну үшін де керек).
Қыстың қардың зиянды тұстары
Қыс кезінде күн қысқа, бұл ағзаға кері әсер етеді, Д витамині түзілуі тежеледі, қалқанша бездің белсенділігі төмендейтіндіктен зат алмасуы баяулайды. Сондықтан мүмкін болса, ашық күн астында, жарық жерде жиірек болуға тырысқан жөн.
Қыста бронхит, колит сияқты аурулар біраз мазалауы да мүмкін. Өйткені алғашқы кездегі суық бұл созылмалы ауруларды «оятып» жіберуі ықтимал. Сондай-ақ жылы жерден бірден суыққа шығудың тамырды тарылтып, құрыстыруы мүмкін екенін де ұмытпау керек. Яғни бұл кезде инфаркт, стенокардия қаупі артады. Буындардың қозғалғыштығы төмендейді, гипертониямен ауыратындардың мазасы кетеді. Сондықтан суық ауаға біртіндеп бейімделген абзал.
Қыстың ең қауіпті жайсыздығы – суықтап қалу, үсу.
13- Билет
1.Қазақстанның жануарлар ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Дала жануарлары
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі.
Орманды дала жануарлары
Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, былдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.
Шөл даланың жануарлары
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құм тышқандары, торғайдың кей тцрлері) ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.
Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлі бұталы өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты, соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жертесер, сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, кұстардан сексеуіл жорға торғайы кездеседі. Жылан, кесіртке сиякты жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына ұя салады, олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі, аққұйрық сауысқан бар.
Таулы аймақ жануарлары
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді..
Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлары
Қазақстанның көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де әр алуан. Оларда құстар ұя салады. Тоғай ішінде бүркіт тұқымдас қарақұс, бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда дала мысығы, Сырдария бойының тоғайларында шиебөрі, тоғай бұғысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы жерлерде қабан, елік, ақкіс мекендейді. Өзен-көлдер бойы құсқа бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балықтың40, Каспийде 50 түрі және итбалық мекендейді.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау максатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған .
2.Организмдердің экстримальды тіршілік жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіріңіз, өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне мысалдар келтіріңіз .
Экстремалды ортада өмір сүретін, яғни адамдарға белгілі организмдердің көпшілігінің тіршілік ету жағдайынан алыс организмдер.«Экстремалды» және «экстремофильді» терминдер салыстырмалы түрде антропоцентристік болып табылады, өйткені адамдар тіршілік ету ортасы мен олардың тұрғындарын біздің тіршілігіміз үшін экстремалды деп саналатын нәрсеге қарап бағалайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты экстремалды қоршаған ортаны сипаттайтын нәрсе - бл оның температурасы, ылғалдылығы, тұздылығы, жарық, рН, оттегінің болуы, уыттылық деңгейлеріне және басқаларға қатысты адамдар үшін адам төзгісіз жағдайлар.
Антропоцентристік емес тұрғыдан алғанда, адамдар олардыбағалаған организмге байланысты экстремофилдер болуымүмкін. Мысалы, оттегі улы болатын қатаң анаэробтыорганизм тұрғысынан аэробты тіршілік (адамдар сияқты) экстремофилдер болады. Адам үшін, керісінше, анаэробтыорганизмдер - экстремофилдер.
Қоршаған ортаның «экстремалды» деп аталуы белгілі бір экологиялық жағдайдың (температура, тұздылық, радиация және басқалар) базалық деңгейінің алыстағы шектерін ескеруге негізделген, антропогендік құрылысқа жауап береді, бұл адамның өмір сүруіне мүмкіндік береді.Алайда, бұл атау оны мекендейтін организм тұрғысынан (адамның көзқарасынан гөрі) қоршаған ортаның белгілі бір сипаттамаларына негізделуі керек.Бұл сипаттамаларға мыналар жатады: биомасса, өнімділік, биоәртүрлілік (түрлердің саны және жоғары таксондардың көрінісі), экожүйелердегі процестердің әртүрлілігі және қарастырылып отырған организмнің қоршаған ортасына ерекше бейімделуі.Осы сипаттамалардың жиынтығы қоршаған ортаның экстремалды жағдайын білдіреді. Мысалы, экстремалды орта дегеніміз:
• Төмен биомасса және өнімділік
• Архаикалық өмір формаларының басымдығы
• Жоғары өмір формаларының болмауы
• Фотосинтездің және азотты бекітудің болмауы, бірақметаболизмнің басқа жолдарына және физиологиялық, метаболикалық, морфологиялық және / немесе өмірлікциклге бейімделуіне тәуелділік.
3. Судың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызына талдау жасаңыз.
Су барлық өсімдіктердің организмінде кездеседі.Өсімдіктер тіршілігіндегі су. Су — өсімдіктер жасушасының маңызды бөлігі. Ол топырақтағы минералды тұздардың еруіне, тургор қысымына жағдай туғызады. Фотосинтез және булану процестеріне қатысады. Көптеген өсімдіктер үшін су — тұрақты тіршілік ету ортасы.
Су өсімдіктерге, ең алдымен, топырақ арқылы әсер етеді, сондықтан топырақ ылғалдылығының маңызы зор. Су өсімдіктің сыртқы пішінінің қалыптасуына да үлкен әсер етеді.Өсімдіктердің суға деген қажеттілігі де әртүрлі. Сулы ортада өсетін өсімдіктер және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер бар. Табиғатта су алмасудың әртүрлі жолдармен реттелуі, өсімдіктердің экологиялық жағдайларға бейімделуі алуан түрлі құрлық бөліктерінде таралуына мүмкіндік береді. Су тапшылығы басты экологиялық қиындықтардың бірі болып табылатын жер бетіне өсімдіктердің таралуы бейімделушіліктің көптүрлілігіне байланысты. Мысалы, қуаңшылықта өсетін өсімдіктердің жапырақтары күшті балауызды қақ, немесе қалың түк басқан, немесе тікенектерге, қабыршақтарға айналған. Эфемер өсімдіктер құрғақшылықтан қашып, бір жарым ай ішінде өзінің өсуін аяқтайды. Құрғақшылықты пиязшық немесе тұқым түрінде тыныштық қалпында өткізеді. Су бір өсімдіктің әртүрлі органдарында түрліше болумен қатар / түн мен күндіз/ бір тәуліктің ішінде әлденеше өзгереді. Кейбір, әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктер — мүк, қына көп уақыт сусыз жағдайда қалып, құрғап кеткенімен, келесі ылғал жеткілікті болған кезде қайтадан тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты кейбір эфемерлер — дераң, т.б. толық қурағаннан кейін, қайтадан ылғал болған кезде, тіршілігін қалпына келтіретіні белгілі болған. Бірақ, өсімдіктің көпшілігі, әсіресе ауылшаруашылық дақылдары тіршілік үшін судың үздіксіз болуын керек етеді. Егер су біраз уақыт тапшы болса, ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігінің өнімін нашарлатады. Сондықтан өсімдіктің су балансында — өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасында тапшылық /дефицит/ болмау керек.
Өсімдік үшін судың маңызы:
1.Өсімдіктерге сіңетін топырақтағы минерал заттарды еріту.
2.Судың өсімдік сабағын бірқалыпты температурадаұстап тұрудағы рөлі.
3. Тургор жағдайын қамтамасыз ету
4. Өсімдіктің сабағындағы өткізгіш жолдар арқылы зат алмасу өнімдерінің вегетативтік органдар арқылы тасымал-дануы.
5. Ассимиляция және диссимиляция процестерін жүргізуші фактор және оларға қажетті материал екендігі.
Фотосинтез кезінде органикалық зат түзуге су молекуласыкұрамындағы «Н» жаратылады. Бұл судың өсімдіктіршілігінде маңызы өте зор екенін аңғартады. Сондықтандала, шөл далалық ендіктердегі өсімдік өнімі көбінесесудың мөлшеріне тәуелді болуымен қатар, олардың суды пайдалануы аса күрделі процесс
14- Билет
1.Қазақстанның тұяқты жануарларының түрлерінің таралу ерекшеліктеріне түсінік беріңіз .
Тақтұяқтылар (лат. Perissodactyla) - сүтқоректілер отряды. Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Баска саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған.ұл жануарлардың «тұяқтылар» аталуы аяғының табаны қалың тұяқпен қапталғандығымен түсіндіріледі. Тұяқтылардың негізгі қорегі – шөптесін өсімдіктер. Сондықтан да бұл жануарлар тауда шөптесін өсімдіктер мол өсетін жерлерді мекен етеді. Бұлан, Арқар, Киік, Ақбөкен, Бұғы.
Қарақұйрық
Қарақұйрық (Gаzеllа subgutturosa) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiзділер тұқымдастарының өкiлi.
Қарақұйрықтар басқа да жабайы және шөп қоректi үй жануарларымен бiрге қуаңшылық аймақтардың экологиялық жүйесiнде өсiмдiктiң негiзгi тұтынушылары болып табылады және, егер осылай тұтыну жол берiлетiн өлшемнен асып кетпесе, оның шығымдылығын арттыруға жәрдемдеседi. Ұзақ жылғы практика көрсетіп бергенiндей, қарақұйрықтардың бiр бөлiгін алу, егер түрдiң табиғи өсiмi биологиялық тұрғыдан рұқсат етiлетiн шекте жүргiзiлсе, оған нұқсан келтiрмейдi.
Мекендейтiн жерлерi - кеуiп қалған су арналары кесiп өтетін, сексеуiл, жүзгiн, терiскен жыңғылдары көмкерген бекiген құмтөбелер, қиыршық тасты және сазды шөл далалар немесе сексеуiлді не тасбұйырғындық жайылымдары бар ашық қиыршық тасты кеңiстіктер. Аласа құрғақ тауларда және жартастардың жазық жерлерiнде кездеседi.
Арқарлар
Қазақстан аумағында арқарлардың екi түрiнiң және алты түр тармағының өкiлдері мекендейдi. Барлық түр тармақтарының таралымдары барған сайын азып-тозу кезеңін бастан кешіруде және іс жүзінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарында ыдыраңқы топталымдар болып табылады, олардың кейбiреулерiнiң саны бiрнеше ондаған дарақтан аспайды. Арқарлардың барлық түр тармақтары Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізiлген.
Үстiрт арқары
Үстiрт арқары (Ovis ammon arkal) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiздiлер тұқымдастарының өкiлi Оның түр тармағы, саны және таралу аймағы шектеулi. Қой тұқымдастар өкiлдерiнiң ең "аласа тауды мекендейтiн" түрі. Қазақстанда түр тармағының таралу аймағының ең үлкен - солтүстiк бөлiгi бар.
Үстірт арқарының таралу аймағының қазақстандық бөлiгі тұтастай Маңғыстау облысының шегiнде орналасқан. Қазіргі кезде ол мұнда iс жүзінде барлық табиғи мекендеу орындарында кездеседi, олардың iшiнде негiзгiсi - Үстiрттiң Батыс қыраты. Қазiргi географиялық оқшаулану оның Солтүстiк-Батыс Түркменстан, Қарақалпақстан және Қазақстан топталымдарының арасында қалыптасып отыр, бұл ретте Қазақстан аумағындағы Шағаласор ойпаты мен Қапланқыр қыратын мекендейтiн арқарларды осы түр тармағының Солтүстiк-Батыс Түркменстан таралымының құрамында қарау дұрысырақ болады. Мекендейтін жерлерi - сусыз ойпаттардың, тау жоталарының құлама жарлары, аласа таулар, жартастар. Мекендейтін жерлердi және олардың элементтерін пайдалану сипаты жыл маусымына, ауа райы жағдайларына, антропогендік әсердiң барлық түрінің қарқындылығына және негізгі азықтық өсiмдiктердiң шығымдылығына байланысты өзгерiп отырады. Тiршілік ортасының жай-күйі қанағаттанарлық.
Алтай арқар
Алтай арқары (Ovis ammon ammon) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiзділер тұқымдастарының өкiлi. Жойылып кету қатері төнген саны аз түр тармағы.
Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түр тармағының бiрi. Республика шегiнде қосымша түрдің таралу аймағының болымсыз алыстағы батыс бөлiгi орналасқан.
Мекендейтiн жерлерi - әдетте теңіз деңгейінен 800 метрден 3000 метрге дейін биіктікте, таулы дала учаскелерiнде де, биiк таулы тундрада да кездеседi. Қарсыз кезеңде биік таудағы альпi шалғындарында жайылады, қыста - қары аз далалы, көбінесе оңтүстік беткейлерде болады. Жартастарды қалқалайды. Мекендеу ортасының жай-күйі қанағаттанарлық. Yй жануарлары санының қысқаруы олардың бәсекелестігін едәуір төмендетiп жiбердi.
Қыста бұтақша азықтарды жиі пайдаланады. Бәсекелестерi - үй малы. Жаулары - ірі жыртқыштар, шопан төбеттері мен қаңғыбас иттер, адам.
Қазақстан арқары
Қазақстан арқары (Ovis ammon collium) - Сүт қоректілер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйізділер тұқымдастарының өкілі.
Таралу аймағы жекелеген топтар мен шағын ошақтарды қамтиды.
Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түр тармағының бiрi.
Қазақтың таулы өлкелері, солтүстiк Балқаш өңiрі, Қалба Алтайы, Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр. 70-жылдары Ұлытауда жойылып кеттi.
Мекендейтiн жерлері - таулардың далалы, көбiне жазықтау учаскелерi. 60-80-жылдары үй түлiктерiн қауырт жаю салдарынан мекендейтiн жерлерiнiң алаңы едәуір қысқарып кеттi. Қазiргi кезде олар мекендейтiн жерлер алаңының кеңеюі байқалады, өйткенi бiрқатар аудандарда үй жануарларының, ең алдымен қойлардың саны едәуір қысқарып кеттi. Аз-кем мөлшерде маусымдық қоныс аударады, ал қуаңшылық кезінде және қалың қарлы қыстарда алыс қашықтықтарға ауып барады. Әдетте таңертеңгiлік және кешкілік уақытта ширақтық танытады, қыста көбіне күндiз де жайыла береді. Қазан-қарашада күйлейдi, сәуiр-мамырда төлдейдi. 5 жасқа толған еркек арқарлардың өз үйірлері (2-17 ұрғашы арқарлар) болады. Әдетте бір қозы туады, 2 қозы тууы сирек кездеседi. Төлін келесi күйлегенге дейiн емiзе бередi. Жыныстық толысуға еркек арқарлар 2,5 жаста, ұрғашы арқарлардың бір бөлiгі 1,5 жаста жетеді. Негізгі қорегi - әртүрлі шөптер, бұталар мен кейбір ағаштардың жапырақтарын, өркендерін және жемiстерiн сирек жейді. Бәсекелестері - үй жануарлары. Негiзгi жаулары - қасқыр мен адам.
Қызылқұм арқары
Қызылқұм арқары (Ovis ammon severtzovi) - Сүт қоректілер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiздiлер тұқымдастарының өкілi.
Қазақстанда сирек кездеседi, Өзбекстанда кемiнде 1,1 - 1,2 мың қызылқұм арқары мекендейдi.
Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түр тармағының бірi..
Қызылқұм арқары - үйреншiктi тау жануары, тауларда мекендейді. Нұратауда ең жоғары абсолютті биiктiк теңiз деңгейiнен 2169 метр, ал Қызылқұм сiлемдерiнде - 992 метр. Осы аудандарда қазiргi кезде таулардың орта және жоғарғы бөлiктерiнде кездеседi. Тiршiлiк ортасының жай-күйi қанағаттанарлық.
Мекендейтiн жерлері - теңіз деңгейiнен 200 метрден 4000 метрге дейiнгi алаптарда таудың жатық келген жазық учаскелерi. Қыста жемшөп қоры жеткiліктi қары аз тау беткейлерiн жөн көреді, жазда орман шекарасынан жоғары қарай жиі көтерiледi. Мекендейтiн жерлерi малды, ең алдымен қойды шектен тыс жаю салдарынан тарылып барады.
Қаратау арқары
Қаратау арқары (Ovis ammon nigrimontana) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiздiлер тұқымдастарының өкiлi. Өте сирек кездесетiн түр тармағы, Қазақстан эндемигi, оның саны тез қысқарып барады. Жойылып кетуге жақын. Қазақстан фаунасындағы арқардың 5 түр тармағының бiрi.
Сырдария Қаратауы. Бұрын оның бүкiл өн бойында таралған; қазiргi кезде ойпатты және жазықтау бөлiгiнде ендi кездеспейдi және тау жотасының солтүстiк-батыс және оңтүстiк-шығыс бөлiктерiндегі арқарлар таралымдары арасындағы байланыс бұзылған. Қаратаудың оңтүстік-шығыс бөлiгіне және осында оған қапсарлас Боралдай тауларына 50-жылдары тянь-шань түр тармағына жататын арқарлар Талас Алатауынан жүйелi түрде қоныс аударып тұратын, осы екi нысан бiрiгiп кеткен сияқты. Қоныс аудару кейбiр жылдары кейiн де байқалып отырды және қазір қаратау арқарының Қаратаудың солтүстiк-батыс бөлiгiнде - ең биiк таулы Мыңжылқы алқабында және одан солтүстiк-батысқа қарай орналасқан аудандарда ғана таралғаны жайында айтуға болады.
Мекендейтiн жерлерi - таудың жатық келген жазық учаскелерi. Осы жерлерден арқарларды үй жануарлары барған сайын ығыстырып шығаруда, сондықтан көбiнесе бұталар басып кеткен қатты жырымдалған жартасты сайларда мекендейдi. Қардың аз болуы арқасында қыста мекендеу жағдайлары жайлы. Ауыл шаруашылық малдарының қысқаруына байланысты тiршілік ортасының жай-күйi едәуiр нашарлап кеттi.
Құлан
Құлан (Eguus hemionus оnаger) - Сүт қоректiлер класы, Айтұяқтылар отряды, Жылқы тұқымдастар өкiлi.Саны мен таралу аймағы республикада тым шектеулі сирек кездесетiн түр. Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО) мен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізiлген. Жылқы тектес 9 түрдiң бiрi және қазiргi кезде Қазақстанда мекендейтін бiрден-бiр түр.
Тарихи өткен заманда қазiргі Қазақстанның аумағында құлан жануарлардың саны көп түрлерiнiң бірi болды және шөл және жартылай шөлейт аймақтың кең-байтақ аудандарын мекендедi. XIX ғасырдың өзiнде-ақ құлан осы заманғы Қазақстанның бүкіл оңтүстiк бөлiгiн - батыста Жайық өзенiнен бастап шығыста Ертіс өзенiне дейiн мекендеген. Құландардың көп мөлшерi 1879-1880 жылдардың қысқы кезеңiндегi, әсiресе 1891-1892 жылдардағы қатты жұттар кезiнде қырылып қалды. Осы қаһарлы қыстардан кейін құландар кең-байтақ аумақтарда жойылып кеттi. Тiрi қалған жануарларды аңшылар жаппай қырумен болды. XX ғасырдың бас кезіне қарай Қазақстанның көп бөлiгiнде құлан енді кездеспейтін болды және XX ғасырдың 30-жылдарының аяқ шенiнде соңғы жануарлар құртылды. Мекендейтiн жерлері - шөл және шөлейттi жерлердiң жазықты, төбелi және қиыршық тасты өңiрлері, аласа таулар мен тау бөктерлерiн де жайлай бередi. Құланның қазiргi тiршілiк ортасы толық қанағаттанарлық дәрежеде. Соңғы он жылда үй жануарлары санының қысқарып, жайылымның аз пайдаланылуына байланысты Қазақстанда құланның таралу аймағының бүкіл өн бойында жайылымдардың қалпына келуi және жақсаруы байқалады.
Киiк
Киiк (Saiga tatarica tatarica) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, Қуыс мүйiздiлер тұқымдастары, өте ертедегi Киiк тегінің бiрден-бiр өкілі.
Киiк - Евразия шөлейтi мен жартылай шөлейтiнiң қоныс аударып отыратын үйiрлi жануары, бiздiң фаунамыздың ежелгі өкiлi, Қазақстан Республикасының бірегей және құнды игiлiгi болып табылады. Бұл аңшылық-кәсiптiк жануар, оның етiнiң жоғары азықтық құндылығы бар, ал оның мүйiзi көп жылдар бойы дәрiлiк шикiзат ретiнде Қытай, Сингапур және әлемнің басқа да елдерiнде экспортталады. Киіктiң тiршілiк ортасы әбден қанағаттанарлық дәрежеде. Соңғы он жылда үй жануарлары санының қысқарып, жайылымның аз пайдаланылуына байланысты Қазақстанда киiктiң таралу аймағының бүкiл өн бойында жайылымдардың қалпына келуi және жақсаруы байқалады. Қазақстанда киiктiң үш жеке: бетпақдала, үстірт, жайық таралымдары мекендейдi. Таралымдардың үшеуi де бiрнеше ондаған жылдар бойы: бетпақдала таралымы (таралу аймағы мен саны бойынша бұрынғы ең ipi) 1998 жылға дейiн, үстiрт және жайық таралымдары 1999 жылға дейiн, яғни киіктердi аулауға тыйым салынғанға дейiн пайдаланылып келдi. Киiктердiң негiзгi қорегi - шөп өсiмдiктерi; жартылай бұталар мен бұталардың өркендерiн сирек жейді. Жануарлардың барынша қонды болу кезеңi - қарашада - желтоқсанның бас кезі (күйлеу басталғанға дейiн); ересек киiктермен салыстырғанда төлдiң қондылығы төмендеу болады.
2.Биосфералық қорықтарға сипаттама беріңіз.
Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оны биосфералық резерват деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.
Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес буферлік аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералыққорықтарға айналдыру жоспары қарастырылуда (1999)
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмолаоблысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірдеқұрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының еңірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлғамәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі жәнебірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлардүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалыққорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау жәнезерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған нарық аумағында Халықаралық Табиғат Қорғау Одағыныңжәне Қазақстан Республикасының Қызылкітаптарына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 60-таң астам түрі белгіленген. Санақбойынша бұйра бірқазанның дүниежүзілік популяциясының20% және сирек кездесетін қызыл кітапқаенген қоқиқаздың, ақбас үйректің, дала қыранының, қарабасөгіс шағаланың, жалбағайдың т.б. 10-20% қорық көлдеріндежиналады. Қоқиқаз Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде де ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанаттықоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көлайдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылағабөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – -30 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 443 түрін құрайды..Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорықаумағындақұстардың 354 түрін кездестіруге болады, сонынішінде 126 түрі ұя құрушы. Қазақстанның Қызыл кітабынақұстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түріенгізілген. Осы құстардың арқасында қорық халықаралықмаңызға ие болды. Қорғалжын фаунасы дала жәнежартылай шөл дала аймақтарына тән.
Достарыңызбен бөлісу: |