3.Биотикалық оң қарым-қатынастарға сипаттама беріп, түрлерін салыстырыңыз Бір ағзаның басқа бір ағзаға әсері оң, теріс және бейтарап болуы мүмкін.Олар бейтараптық (НЕЙТРАЛИЗМ), протокооперация, мутуализм, комменсализм, жыртқыштық , бәсекелестік, аменсализм. Нейтрализм бір аймақтық тіршілік ететін екі түрдің (популяция) бір-біріне не оң, не теріс әсер етуі. Мысалы, тиіндер мен бұғылар бір-біріне айтарлықтай бір әсер етпейді. Протокооперация кезінде ағзалардың бір біріне пайдалы әсер ететін, бірақ бірге тіршілік етуге міндетті емес арақатынас түрі. Мысалы, таңқышаянның бақашығында актиния тіршілік ету үшін орнығуы мүмкін. Актинияның атпа жасушаларының ішінде у болады , сол арқылы актиния таңқышаянды жыртқыш балықтардан қорғайды. Ал таңқышаян актинияның таралуынакөмектеседі және қоректену аймағын кеңейтеді. Мутуализм(симбиоз, кооперация) – әр түрге жататын ағзалардың бір-біріне пайда әкеліп, селбесіп тіршілік етуі. Мутуализм түзетін ағзаның біреуі немесе екеуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, шөпқоректілер мен олардың ішегінде тіршілік ететін жасумықшаны (целлюлозаны) ыдырататын бактериялар. Батериялар жасумықшаны қорытатын ферменттерді бөліп шығарады, ал шөп қоректі тұяқтылар мұндай ферменттерді өздері түзбейді, сондықтан шөпқоректі тұяқтылар үшін бактериялар міндетті түрде қажет. Ал бактериялар шөпқоректі тұяқтылардан қоректі заттар мен оптимум жағдайцлары бар тіршілік ортасын алады. Комменсализм бірлесіп өмір сүрудің нәтижесінде бір түрдің дарасы пайда табады, ал екінші түр бейтарап болады. Комменсализмнің екі түрін ажыратады : сииойкия және трофобиоз. Сииойкияға мысал – актиния мен кейбір тропикалық балықтардың түрі арасындағы қарым-қатынас түрі. Балықтар жыртқыштардың шабуылынан атпа жасушалары бар актиниялардың қармалауыштарының арасында тығылады. Трофобиозға жыртқыштар мен қалдықтарды жейтін ағзалар мысал бола алады. Мысалы, гиеналар арыстандардың жегеннен кейін қалдырып кеткен аң қалдықтарын жейді. Жыртқыштық бір жыртқыштың басқа жемтукту өлтіріп, қорек етуі. Мысалы, қоян мен қасқыр. Бір түрге жататын дараның өзі жататын түрдің басқа бір дарасын өлтіріп, қорек етсе бұл каннибализм деп аталады. Канибализм жыртқыштардың, қоңыр аюлардың, адамдардың арасында кездеседі. Паразитизм - бір паразит басқа бір ағзаны өлтірмей, ұзақ уақыт бойы қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттерге вирустар, ауру қоздырғыш бактериялар, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар, паразитті құрттар жатады. Бәсекелестік ағзалардың бір-бірімен сыртқы ортаның ортақ ресурстары үшін бәсекеге түсуі . Ағзалар қорек, ареал,жарық үшін бәсекеге түсуі мүмкін. Бәсекелестік түрарасы және түрішінде жүруі мүмкін. Амесализм бір түрге жататын дараның басқа түрге жататын дараға басымдылық көрсетіп,бірақ өзі екінші дарадан теріс әсер алмауы.Мысалы,қарағай меноның астында өсетін өсімдіктерді көлеңкелеп,өсуін тежейді. Аллелопатия (антибиоз) аменсализмнің көп таралған түрі.Бұл кезде бір ағзаның сыртқы ортаға бөліп шығарған заттар екінші ағзаның дамуын тежейді.Мысалы,пеницилл саңырауқұлағы бөлетін антибиотиктер бактериялардың дамуын тежейді.