74. Қазақстанның "Еуропаға жол"мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. 2009-2011 жж. арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы негізінде әзірленген. 2009-2011 жж. арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы негізінде әзірленгені мәлім.
Бұл бағдарлама Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік орнату деңгейін көтеруге бағытталды. Басқаша айтқанда, Еуропа елдерімен тауар айналымын арттыру, көліктік қатынастарды дамыту, жаңа технологияны еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, отандық және еуропалық нормаларды жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, ұлттық және мемлекеттік ой-сананы әлемдік деңгейге көтеру мақсатын көздейді.
Бірінші міндеті – еліміздегі өмір сүру жағдайын еуропалық стандарттарға жақындату. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, су қорларын қорғау, климаттың ерекшелігін ескеру, биоәртүрлілікті сақтау және т.б. мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жоспарланады. Сондай-ақ, медициналық кызметтің сапасын көтеруге басымдық беріледі. Дертті анықтау сапасын жақсарту мақсатында медициналық-ақпараттық технологияларды енгізу, ауруды емдеу және алдын алу, дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасы, тамақтану стандарттарын енгізу, кадрлар қоры жүйесін дамыту есебінен еуропалық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, білім, әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту және көші-қон саласын дамыту қарастырылады.
Екінші міндет – мемлекеттік кұрылымның қазақстандық үлгісін еуропалық тәжірибе негізінде әрі қарай дамытуға, мемлекеттік қызмет пен кадрлар қорын басқарудың тиімді жүйесін енгізуге, елдің саяси өмірін ырықтандыруға бағытталады. Бұл, әсіресе, сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат кұралдары, мемлекеттік кызметті реформалау, сот жүйесі және т.б. салалар бойынша заңдарды жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.
Үшінші міндет – 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Бағдарламада анықталған бірқатар басымдықтар: демократиялық институттардың дамуына жасалған жағдайларды жақсарту; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік-көліктік және Еуразияның трансқұрлықтық мүмкіншілігін дамыту; экологиялық мәселелер; бейбітшілік және ядролық қарусыздану, аймақтық қауіпсіздікті нығайту; терроризм, экстремизм,есірткі бизнесі, ұйымдасқан қылмыспен күресте қауіпсіздіктің бейбіт аспектілерін дамыту; Ауғанстан ахуалы.
«Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартумен елдің тұрақты дамуын камтамасыз етуге мүмкіндіктер ашты. Ресми деректер бойынша, 2009 жылы Қазақстанға құйылған шетелдік инвестицияның жалпы сомасы 25 миллиард доллар шамасын құраған.
Жаһандық дағдарыстың ықпалына қарамастан, Қазақстан-Германия сауда айналымының көлемі 2,9 миллиард доллардан асты. Қазақстанда германдық капиталдың қатысуымен 800-ден астам бірлескен кәсіпорын тіркелген. Тәуелсіздік жылдарында ГФР-дың Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы сомасы 3 миллиард долларға жуық қаражатты құрады. Ал Қазақстан ГФР-дың экономикасына 4 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Сондай-ақ, Қазақстан ГФР-да «Болашақ» еуропалық орталығының өкілдігін ашты. Алматыда «Қазақ-Неміс» университетін одан әрі дамыту, Назарбаев Университеті халықаралық жоғары оқу орнымен ынтымақтасу көзделді. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Қазақстан – Германия серіктестігі оң нәтижелерін берді. 2009 жылы өткен «Қазақстанның Германиядағы жылы» мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі болды.
«Еуропаға жол» – мемлекеттің даму стратегиясымен астасып жатқан болашақтың кешенді бағдарламасы. Еуропамен әріптестік қатынас орнату – қазақ қоғамының даму жолын таңдауынан басталды. Сондықтан өркениет жолын таңдаған Қазақ елі әлемдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің пайдалы жақтарын елдің мүддесіне икемдесе, нұр үстіне нұр болар еді. 1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдістерге еркін қатысуға, тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты , аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты , экономикалық реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын , соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс шиеленісі диалогында Қазақстан делдалдығы бағасыз
Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда .