1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"



бет19/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

22 Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының құрылуы – ұлттық мемлекеттің білім беру идеясын таптық тәсіл негізінде мемлекеттің білім беру идеясына ауыстыру.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.

ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.

Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.

ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.

1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.

1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.


13. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет.

Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды

1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы Владимир Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. Орынбор алғашқы астана.

1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.

ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы енді

Қырғыз Социалистік Кеңес республикасы істерін басқару үшін 12 Халық комиссариаттары құрылды, оның ішінде: Почта мен Телеграф басқармасы бар Ішкі істер Комиссариаты; Әділет; Ағарту; Денсаулық сақтау; Әлеуметтік қамсыздандыру; Егіншілік; Азық-түлік; Қаржы Халық Комиссариаттары және т.б

1925 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі Түркістан АКСР-ның құрамында болды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатының нәтижесінде, Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата уездері, Самарқанд облысындағы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Жетісу облысының Бішкек уезі (бір бөлігі) Қазақстанға қарады.

23 Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ҰЭП). Ф. И. Голощекиннің "Кіші Қазан" Идеясы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын күштеп қиратудың салдары. Ұжымдастыру әдістері мен қарқыны.

1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.


2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.
Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл»,
«Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ
жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке
ашылған болатын.
4. Жеке саудаға рұқсат берілді.
Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы
Жаңа экономикалық саясат
кезінде нарық енгізілді.Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.Бұл саясат аяғына дейін
жеткізілмеді.Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.Жаңа экономикалық саясат
бұрмаланды.Саяси өмірде демократия бұрмаланды.Еркіндік мүлде болмады.1921-1922
жылдардағы ашаршылық.1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып
қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін
қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс
Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.700 мыңнан астам адамдар
республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық
даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам
еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік
бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде
мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін
әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдың күзінде өлкелік партия ұйымының басшысы болып сайланған Ф.И.Голощекиннің есімімен байланысты еді. Кәсіпқой революционер, патша отбасының атылуын ұйымдастырушылардың бірі болған Голощекин Қазақстанның астанасы Қызылордаға келіп түскен бойда, бірден «қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жоқ» екенін, «ауылда Кіші Қазан» өткізу керектігін мәлімдеді. Негізгі міндет ретінде әлеуметтік саралауды жою арқылы дәстүрлі қауымдастықты бұзу жарияланды.

Қазақтарды жаппай отырықшы ету келесі маңызды қадам болуға тиіс еді. Бұндай іс-шаралардың жергілікті коммунистер тарапынан наразылық туғызуы мүмкін екенін айқын түсіне отырып, Голощекин ең алдымен өзінің көзқарасын бөліспеген партия көшбасшыларымен күресуді қолға алды. Көп ұзамай-ақ, 1926 жылы С.Сәдуақасов пен С.Қожанов «ұлтшылдыққа бет бұрған» деп айыпталды. С.Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев және басқалары қуғындалды. Олардың көпшілігі республикадан шеттетілді. Ж.Сұлтанов, С.Сәдуақасов және Ж.Мыңбаев қызметтерінен қуылды.

Ф.И.Голощекин ауылдардың әлі күнге дейін «…таптық күрестің лебін сезбегенін», «…қазақ ауылдарында Кеңес өкіметінің жоқтығын», «…ауылда Қазан болмағанын, кедейлер комитеттері мен мал-мүлкі тәркілену дегеннің не екенін білмейтінін», «…ауылда коммунистің атымен болмағанын» қасарыса дәлелдеуге тырысты. Ары қарай Голо¬щекин «осыған дейін бұл жерде 1925 жылдың күзіне дейін болған жайттарды Қазақстанның және оның партия ұйымының алдыңғы тарихы деп атауға болатынын» айтты.

БК(б)П-ның Өлкелік комитетінің екінші хатшысы О.И.Құрамысов Ф.Голощекинді табанды түрде қолдады. Оның құлағына ол: «Қазан дауылы қазақ ауылын сәл ғана жанап өтті», – дегенді құюмен болды. «Қаталырақ айтқанда, – деп жалғастырды ол, – бұл кезеңде Қазақстанда біртұтас және тастай берік партия ұйымы болған жоқ».

Жиырмасыншы жылдардың ортасындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне тән қасіретті ерекшелік – сол уақыттан бастап сталинизмнің идеологиялық аппаратының тарихи сана-сезімді түп-тамырымен құртуға, осы сана-сезімді бойларына жинаған ұлттың зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің көзін жоюға бағытталған кең ауқымды іс-шараларды жүргізуі болды.

Тоталитарлық режимнің нығаюына қарай, бірте-бірте «Алаш» партиясының мүшелерін, сондай-ақ өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқындары мен әдістері мәселесінде өз көзқарастарынан танбаған және республиканың шаруашылық-саяси және кадр мәселелерін шешу ісіндегі егемен құқықтарын аяусыз таптап, қорлап отырған, тұрғылықты халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, мүдделерімен санасқысы келмейтін Орталықтың саясатының дұрыстығына күмән келтірген республиканың басқарушы қызметкерлерін саяси қуғындау күшейе түсті.

Республикада оппозицияның ықтимал әрекеттерін басып-жаншу үшін идеологиялық негіз осылай құрылып, нәтижесінде, қазақ халқын күштеп ұжымдастырған және 1937-1938 жылдарда жаппай қуғын-сүргінге салған қайғы-қасіреттерде есеп болмады.

БК(б)П-ның Семей губерниясы комитетінің хатшысы қызметіне 1923 жылы Марийск облыстық комитетінен жіберілген, содан кейін өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-инструкторлық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған Н.И.Ежовтың тұсында ұлтшылдар және ұлтшылдыққа бет бұрғандар туралы үрей туғызу, жергілікті мамандарды қуғындау анағұрлым күшейді.

Бір мезгілде Қазақстанда «өзгерістер» енгізудің Голощекин ұсынған үлгісімен келіспеген жауапты қызметкерлердің қарсылығын басып-жаншу орын алды. Жоғарыда айтылғандай, 1927-1929 жылдарда республикадан әртүрлі себептермен Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері: Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев шеттетілді. Қазақ Орталық Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, халық ағарту комиссары С.Сәдуақасов, жер игерудің халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалары лауазымдарынан босатылды.

Қазақтың белгілі қызметкерлерінің үлкен бөлігіне «топтасып күресті» деген айып тағылды. Бірақ басты «топтасқандардың» бірі Сәдуақасовтың ісімен арнайы айналысқан БК(б)П-ның Орталық бақылау комиссиясы Қазақстанда ондай топтың бар екенін дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, Орталықта оппозициямен күресудің үлгісі бойынша, жекелеген жауапты қазақ қызметкерлері арасындағы дау-дамай, пікірталастар мен келіспеушіліктер топтасқан күрес ретінде, ал олардың республика мүдделерін қорғаған әрекеттері «ұлтшылдыққа бет бұру» деп бағаланды. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа және Л.М.Кагановичке жолдаған хаттарында Н.И.Ежов барлық ұлттық мамандарды, барлық қазақ коммунистерін «ұлтшылдыққа бет бұрғандар» және «топтасып күресушілер» деп айыптап, оған қоса, олардың арасында «сау партиялық күштер жоқ» деп қаралаған. КСРО ішкі істерінің болашақтағы халық комиссары, 1937 жылы жап¬пай қуғын-сүргінді белсенді жүргізген Н.И.Ежов Мәскеуге ауысар алдында өзінің мансабын осылай бекіте түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет