Xx- ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері



Дата30.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#53892

Тақырыбы:
XX- ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері
Ғылым саласы қалай дамыды?
Елiмiздiң ғылыми әлеуетi де арта түсті. Республиканың мәдени өмірiндегi ерекше оқиға - 1946 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының негiзiнде Казак КСР Ғылым академиясынын ашылуы болды..
1946 жылы мамырда Қазақстан Ғылым академиясынын салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев оның алғашқы президенті болды.
Академияның құрметті мүшелері болып
С. Вавилов
И.Мещанинов
И.Бардин
Қ.И. Сәтбаев Қазақстан ғылымында ерекше орын алды. Ол қазақстандық металлогения ғылымы мектебінің геология ғылыми мектебінің негiзiн қалады. Жезказған кен орындарын зерттеген іргелі еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы, геология-минералогия ғылымдарынын докторы ғылыми атағы берiлiп, КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшелiгiне сайланды.
1950 жылдың соңында Қазақ КСР ҒА-ның жүйесiнде 50 ғылыми- зерттеу мекемесi, оның iшiнде 19 институт, 13 сектор, екі мұражай, обсерватория, үш ботаникалық бақ пен 8 ғылыми база жұмыс iстедi. Академияда ғылыми-техникалық прогреске өз үлестерiн қосқан 500-ге жуық аспирант бiлiм алды.
1960 жылдардын соңына қарай Қазақстан КСРО-ның iрi ғылыми орталықтарының бiрiне айналды. 1985 жылы республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс iстедi. Олардың 864-і ғылым докторы, ал 650-і Fылым академиясының академиктерi, корреспондент-мүшелері, профессорлар болды.
Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан ғалымдарының қатысуымен пайдалы қазбалардын көптеген кен орындары зерттелді. Түсті металдардың жаңа кен орындарын ашу мен игеру өз кезегiнде жаратылыстану ғылымдарының одан әрi дамуына әсер етті. Мысалы, 1946-1949 жылдары Қазақ КСР FA-ның ғылыми-зерттеу мекемелері 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулердi өндiрiске енгiзуге ұсыныс жасады. Ғылымын iзденiстердiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Қазақ КСР ҒА-ның көшпелi сессиялары өткiзiлiп тұрды. Қазакстан ғалымдарының өндiрiстi дамытуға бағытталған нақты ұсыныстары жекелеген аймақтардын өндiргiш күштерiн зерттеу мен оларды тиiмдi пайдалануга көмегiн тигiздi. Бұл кезеңде ғылым біршама жетістіктерге жетті.
Тоқырау жылдарында катты зардап шеккен қоғамдық ғылымдар еді. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дәреже берудi Мәскеу шешті. Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнен шыққан ғалымдардың сандык мөлшерiне шек қойылды. Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетiстiктерiн зерттеуге жұмылдырылды. Тәуелсiздiк үшiн күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретiнде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нәубеттердiң сырын ашуға бағытталган зерттеулер жүргiзуге тыйым салынды.
ПТМТ формуласы арқылы келесі тұжырымға қатысты оқушының пікірі
«Тоқырау жылдары ғылым саласы қарқынды/төмен деңгейде дамыды»
• Позиция - менің ойымша соғыстан кейін білім саласы....
• Түсіндіру – себебі ...
• Мысалы – мынандай мысал келтіре аламын ...
  • С (Салдары)- қорытынды ой

1. Сталин кезеңіндегі ақын-жазушылардың тағдыры
2. Хрущев кезіндегі жарқын оқиғалар
Сталин кезеңі
Хрущев
Үйге тапсырма:
ХХғ қазақстандық ғалымдар жайлы қосымша мәліметтерді оқып келу
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет