1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық заманауи мемлекеттілік моделін құрудағы өмірі, қызметі және рөлі



бет35/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
43. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық заманауи мемлекеттілік моделін құрудағы өмірі, қызметі және рөлі.
Республиканың егемендігі мен ұлттық тәуелсіздігі мәселесі 1986 жылғы желтоқсан айында алдыңғы қатарға шығып, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, дүниежүзілік саяси жүйедегі өзгерістердің бастауы болғаны тарихтан мәлім. Кеңес Одағының ыдырауы мен одақтас республикалардың қайта құрылуы нәтижесінде енгізілген президенттік институт жетекші сая­си жүйеге айналып, жаңа мемлекеттіліктің іргетасы қаланды.Осылайша, қоғамдық дамуды ба­ғыттауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік билік қалыптасады. «Қазақ КСР Пре­зиденті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң негізінде 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес сессиясында ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан мемлекетті басқаруға қатысып, бірқатар басшылық қызметті атқарған, 1989 жылғы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарып жүрген аса танымал тұлға Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-інің Тұңғыш Президенті болып сайланып, оған елді басқару жауапкершілігі жүктелді. Бұл міндеті жайлы Елбасы: «Бізге төніп тұрған дағдарыстың бұлтын халқымның даналығына, еңбекқорлығына арқа сүйей отырып серпіп тастауға менің білім-білігім де, күш-қайратым да жетеді. Елімізде жүріп жатқан жаңғыруларды жалғастыруға, елімізді көркеюге және біздің әрқайсымызды игілікке жеткізетін жолға мемлекетімізді алып шығуға ме­нің тәжірибем де, ерік-жігерім де жете­ді. Мен өз тағдырымды халқымның тағдырынан бөлек қарап көрген емеспін. ...Мен осы елдің жолында бәйгеге басымды тіккен адаммын. Ол жолда ештеңеден тайынбаймын да, ештеңеден аянбаймын да. Қазақстанның елдігін, көпұлтты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та жоқ менде, арман да жоқ менде», деп өз тағдырын елдің арман-мұратымен ажырамас бірлікте қарастыратынын атап көрсете отырып, тарихымыздың сол кезеңінде атқарылған істерге: «Біздің алдымызда тәуелсіз, демократиялық, нарықты экономикалық мемлекет құрудың дап-дайын тұрған тәжірибесі болған жоқ. Мен де мемлекеттің қалай құрылатынын бірден біле қалған жоқпын. Біз адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың қадамын бастадық. ...Біз өз мемлекеттілігіміздің іргетасын жаңадан бастап қалап, оның барлық болмыс-бітімін дер кезінде кезең-кезеңімен қалыптастыра, осы жолда үйрене отырып, тарихи жетістіктерге қол жеткізе білдік», деп баға берді.

Тәуелсіздікті орнату мен орнықтыру бағытындағы Қазақстанның ішкі сая­сатындағы тарихи маңызды оқиғалардың алғашқылары 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1920-1950 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары болған белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерін ақтау туралы қаулысы және 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде қабылданған «Тіл туралы» заңы болғанын атап өткен жөн.

1990 жылғы наурыз айында өткізілген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутаттарды жаңа демократиялық қағидаттар негізінде сайлау елдегі демократиялық үрдістердің басталуына жол ашты. Сонымен қатар қазақстандық қоғамда әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қам­та­масыз етіп, мемлекеттік-құқықтық әдіс­терді қолдану арқылы бәсекеге қа­бі­летті ортаны қалыптастыру, ол үшін аза­маттардың құқықтары мен бос­тан­дықтарына кең көлемде кепілдік беру үшін қажетті жағдай жасау алдыңғы орынға шығады. Қоғамдық келісімге қол жеткізуде мемлекеттік билік тар­мақ­тарының бірлесе отырып іс-қи­мыл жасау тетіктері конституциялық дең­гейде қалыптасты.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мем­лекеттік егемендігі туралы Деклара­цияны» қабылдау арқылы бүкіл әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Республика Конституциясының негізін қалаған тұңғыш заң актісі болып табылатын бұл Декларацияда Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халық­аралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет болып жарияланды. Сон­дай-ақ алғаш рет Қазақстанның өз эконо­микалық және ғылыми-техникалық әлеуе­тіне, табиғи қорына меншік құқы­ғы белгіленді және Қазақстан Декла­рация­сында белгіленген заң нормалары шең­­берінде егемен мемлекет ретінде респуб­лика мәртебесін іске асыратын жаңа Конс­­титуция мен басқа да заңдық-құқықтық актілерді әзірлеу өкілеттігіне ие болды.



Қазақстан Республикасының еге­мен­дік алып, әрі қарай тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде қалыптасып-дамуы қиын жағ­дайлармен ұштасты. Көптеген аймақ­та әлеуметтік-демографиялық және саяси-экономикалық тұрақсыздық белең алды. Әлемдік кеңістікте жаһан­дық қауіпсіздікті сақтауда ядролық қаруды таратпау мәселесі Қазақстан Республикасы саясатының аса маңызды бағыты болды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзара халықаралық міндеттемелерінің қатарында ядролық қаруды таратпау және оған қатаң қада­ғалау орнату болды. Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 та­мыздағы Жарлығымен Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңы жабыл­ды. Сөйтіп, осы күні адамзаттың өмі­рі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қырық жыл бойы төніп келген қауіп­ке тосқауыл қойылған болатын. Қазақ­стан дүниежүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тарту ар­қылы жаһандық қауіпсіздік жүйесін қа­лыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне теңдесі жоқ үлес қосты. Елбасы елімізді дамыту стратегиясында бұл мәсе­леге байланысты: «Қазақстан... бірін­­ші кезекте ядролық қаруларды бола­шақта толық жою мақсатымен қысқар­туға, қолдануға және оны жасауға жәрдем­де­сетін материалдар мен технология­ларды сыртқа шығаруға жол бермеуге қол жеткізе беретін болады», деп атап өтті.

44. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде адамзаттың өткені, бүгіні және болашағы. ("Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен Даму стратегиясы", "XXI ғасыр қарсаңында", "әлемнің эпицентрі").).
Мәселен, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады.
45. Н.Ә.Назарбаевтың "сындарлы онжылдық" және "Қазақстан жолы"еңбектеріндегі терроризм, өңірлік қауіпсіздік проблемалары, саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, этносаралық және конфессияаралық келісім.
Сындарлы он жыл» — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Мемлекет басшысы бұл жұмысында қазіргі жаһандануға еніп бара жатқан дүниенің тіршілік үшін маңызды мәселелерін оз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, оның жаңа ғасырда Қазақстанның дамуындағы бейнеленуін көрсетеді. Кітап фактілік материалдарға аса бай, соның негізінде автор адамзат қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге ашық түрде баға беріп, қазіргі таңдағы мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.
Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Кітап осы бір өткір мәселе ең алдымен белгілі бір күштер арқылы өзінің нақты саяси мақсаттарына қол жеткізу ретінде қаралады. Соның негізінде автор әскери әсер ету рычагтарынан басқа терроризммен күресте оған түрлі елдер арасындағы экономикалық дамудың теңсіздігін жеңу жөніндегі белсенді қызметті, сондай-ақ қазіргі кедейшілік мәселелерін шешуді, этностар аралық және конфессия аралық диалогтарды шешуді қажет деп есептейді.
Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды. Мұның өзі тіптен де түсінікті, өйткені кейбір жеке елдер үшін дін өзінің этникалық және мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу факторы болып қалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет