1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?



бет4/10
Дата09.05.2022
өлшемі70,22 Kb.
#33737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Автоматтандырылғанпроцестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.

Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.

Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.



Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б. процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет