1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі



бет9/10
Дата09.05.2022
өлшемі70,22 Kb.
#33737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәселе соңғы уақыттарда жиі көтеріле бастады. Осыдан біраз жыл бұрын бұл жайында айту ертерек олатын, көптеген ұйымдар ол уақытта өндірістерін жаңадан дамытып жатқан, және мемлекет бизнесмендерге аяқтарына тұрып, Қазақстан экономикасынан өз орындарын алуына уақыт берген.

Бүгінде сол ұйымдардың көпшілігі өндірістік алыптарға айналып үлгерді. Басшылар әлеуметтік сұрақтарға көп көңіл бөле бастады. Мемлекет және бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік жайындағы алғашқы бірлескен әрекет шамамен 10 жыл бұрын жасалынған. Дәл 1998 жылы Қазақстанда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылды. Зейнетақы жарналарының толыққанды және уақтында берілуі—бизнестің қоғам алдындағы жауапкер шілігін түсінуі. Бүгінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында мәліметтерді электронды өңдеуді қолданатын әлеуметтік төлемдерді тіркеуді ұйымдастыратын және іске асыратын жаңа технология енгізілген, жердемақы мен зейнетақы алушыларының орталықтанған базасы құрылған. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметінің негізгі бағыттары: Мына тағайындаулар мен төлемдер бойынша құжаттарды қабылдау:

—Зейнетақы,

—Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедектігі

бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша,

жасына байланысты)

—№ 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы

жәрдемақылар

—Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар (17 түрі)

—Баланың туылуына байланысты біржолғы берілетін

жәрдемақы

—Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла-

нысты әлеуметтік төлем

—Жерлеуге арналған жəрдемақы: зейнеткерлерді,

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге

жәрдемақылар

—«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан (еңбекке жарамсыздығы жағдайында, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен бала тууға байланысты, Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла- нысты әлеуметтік төлемдер)  006 жылдың 1 шілдесінен бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы базасында біріңғай тіркеу орталығы құрылды. Нәтижесінде Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылардың саны жөнінде объективті ақпарат алуға, қосарлы және одан да көп зейнетақы шоттары мәселесін ашуға мүмкіндік туды. Сол арқылы «Бір салымшы—бір қор» принципін сақтауға жол ашылды.

Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі де өзгерді. Бұрын егерде, жұмыс беруші әр Қорға жеке рәсімдесе, енді қорды көрсетпей-ақ барлық жұмысшыға бір ғана тапсырып құрастырылады және жарналар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударылады. Салымшы қорын өзгерткен жағдай да, жұмыс беруші аударым процедурасын өзгертпейді, яғни төлем құжаттарын құрастыру бойынша есептік бағдарламаларды өзгерту шығыны болмайды.

Бұрын қателік болған жағдайда, жұмыс берушіге Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан барлық жұмысшы бойынша барлық сумма түгелдей қайтарылатын. Енді тек қате толтырылған реквизиттардың ғана суммасы қайтарылады. Жасалынған жұмыстар зейнетақылық жарналарды аудару процедурасын белсендендіріп қана қоймай, жеңілдете түсті, сол арқылы мүмкіндігінше жұмыс уақытын және бюджет пен жұмыс берушінің қаражатын үнемдеуді қамтамассыз етті. Әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әлеуметтік бөлулердің мерзімділігі мен жүйелілігі маңызды әсер етеді. Яғни, нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс беруші қаншалықты жауапты болғанына байланысты. Бізде мемлекеттік жауапкершілігі қатал бекітілген, себебі біз бірінші деңгейдеміз. Мүгедектігі бойынша, асыра-ушысынан айырылғанына байланысты, жүктілікке және бала тууына байланысты біз ескі жүйені қалыптастырдық, бізде бұл рөлді мемлекет атқарып келген. Ал жұмыс беруші мен азаматтың өзі бұл үрдіске қатыспайтын. Және біз бәріміз белгілі бір деңгейде өзімізге жауаптымыз және өкінішке орай ешкім кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу сиякты қатерлерден сақтандырылмаған.Бір уақытта, халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бірінші деңгей бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік бағытталғандығын көрсетіп, өз міндеттерін атқара білді, ал бұдан кейін екінші деңгей—әлеуметтік сақтандыру болып табылады, сақтандыру дегеніміз—бұл жұмыс берушінің барлық қауіптерден жұмысшысын сақтандыруы. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен мән бере отырып, елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және бала туу, аналығына байланысты міндетті сақтандыру түрін енгізді. Осыған байланысты 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді беру іске асырып жатыр. Атап өту керек, егер бұрын жүктілік пен бала тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек демалысын жұмысшыға жұмыс беруші өз қаржысынан төлеп тұруға міндетті болған. Ал қазір бұл төлемдер әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін болды.


10.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет