Блок-2 1.1946-1953 жылдары Қазақстанда болған тарихи-әлеуметтік процестердің мәнін ашыныз: Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады. Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.
2.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің қосарлы әсерін негіздеңіз: Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру барысында оң мен теріс әсерлерін берді.Оң жақтары:Мамандардың үлкен легі Тек алғашқы үш жылдың ішінде Тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға бүкіл Кеңес Одағынан 640 мыңнан астам адам келді. Бұл әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдар: механизаторлар, агрономдар, құрылысшылар, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, тіпті мәдениет пен өнер қызметкерлері. Механизация
Тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстанда ауыл шаруашылығының техникалық жарақтану деңгейі күрт өзгерді. Белгілі болғандай, Технология өндірістің негізгі құралы және жалпы ауыл шаруашылығын дамытудың шешуші факторы болып табылады. Осыған байланысты 50 – ші жылдардың басынан бастап тың алқаптарда бес есе көп тракторлар, ал комбайндар мен жүк көліктері 6 есе көп жұмыс істеді.Теріс жағы: Енді тың игеру науқанының кемшіліктеріне тоқталайық. Көптеген сарапшылар мен тарихшылардың пікірінше, тың жерлер асығыс игеріліп, кейде ұтымды тәсілдер де ескерілмеген. Бұл ақылға қонымды пікірлер болды. Себебі осы асығыс және мамандардың кеңестерін тыңдай алмауына байланысты көптеген қиындықтар болды.Тағы айта кетсек қоршаған ортаға,өнімділіктің біртіндеп төмендеуіне және экономикалық шығындарға соққы тиді.