1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


Тарихтағы аталған «Хрущевтің жылымығы» процесі туралы өз көзқарасыңызды негіздеңіз



бет22/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
3. Тарихтағы аталған «Хрущевтің жылымығы» процесі туралы өз көзқарасыңызды негіздеңіз: оның себептері, салдары, нәтижелері:1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін билік үшін күрес күшейді.Билікке талас көбінесе консервативті және реформаторлық басшылар арасында жүрді. 1953ж КОКП Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып тағайындалды.Хрущев басқарған тарихқа,”жылымық” жылдары деген атпен енген 50ж екінші жартысында көптеген игі істер жасалды:Басшылықтың ұжымдық принцепі енгізіліп,әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады.Сталиндік лагердердегі тұтқындарға реабилитация жарияланды.Экономика саласын реформалауға талпыныстар жасалды және тб.Республикадағы бюджет құқықтары едәуір көбейтілді.1954-1956ж одақтық министірліктен республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын берілді.Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісінен жоспарлау және олардың өнімін бөлу,тұрғын үй салуды ұйымдастыру,қаржы бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді
4.Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік және ұлттық мәселелерін атаңыз, Теміртау, Целиноград қалаларындағы оқиғаларға өз көзқарасыңызды көрсетіңіз: Қысқа мерзімде өткізілген ұжымдық науқан казак халқына ауыр қасірет әкелді. Дәстүрлі шаруашылық жүйесі құлдырап, халық жаппай ашаршылыққа ұшыраса. 1928 жылы басталған байлардың мүлкін тәркілеу және жер-су реформаларын бұрмалау халықтың қатал қарсылығын тудырды. Халықтық наразылықтар әсіресе 1929 жылдың екінші жартысында және 1930 жылдың қыс айларында күшейе түсті. Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургия саласының жалғыз орталығын құру жоспарлануда. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие Қазақстандық "Магнитка" металлургия зауытының құрылысы басталды. Республикаға басқа одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер Достастығы елдерінен көбірек келушілер келе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі туындады. Барлық жұмысшыларға бірден пәтерлер жетіспеді, олардың көпшілігі вагондар мен казармаларда, брезент шатырларында тұруға мәжбүр болды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар медициналық қызметтер, мәдени демалыс орындары (клубтар, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкендер, асханалар, буфеттер, әсіресе жазғы күндері ауыз су тапшылығын сезінді. Осыдан қырық жыл бұрын Қазақстанда "Неміс автономиялық облысы"әкімшілік-аумақтық құрылымы құрылды. Бұл кейіннен тарихта "Целиноград оқиғалары"ретінде белгілі болған Целиноград өлкесінің бас қаласы тұрғындарының толқуына әкелді. Нәтижесінде Мәскеудің волюнтаристік жолымен қазақ жерінде жаңа әкімшілік бөліністің пайда болуына жол берілмеді. Бірақ бұл қарсылық қозғалысын кім ұйымдастырғаны, оның басында кім тұрғаны әлі белгісіз.Менің ойымша басшылықта отырған адамдардың басқару жолы дұрыс емес.Өйткені басқару жүйесі ең басынан бері қате жүрген.Халық неміс автономиясын құру жүйесіне қарсы болғандықтан осындай қорқынышты нәтижеге алып келді.Ал Целининград оқиғасына келетін болсақ,Теміртау жұмысшыларының наразылығының себебі Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды.Ал басшылар барлық сұрақтарды шешудің орнына барлығына көз жұма қарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет