Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға
сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет
өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы
болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР
Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен
аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті
Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2
жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы
32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5
жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы
(азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен
қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО
Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Достарыңызбен бөлісу: