1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет1/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55


1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, 
дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. 
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық 
тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген 
фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың 
үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең 
тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке 
тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін 
жастардың ұстанымын қалыптастыру. 
Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде 
қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы 
тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т.б. маңызды 
құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен 
жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық тәжірибені және 
студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен 
ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну 
деңгейін ескерді. Типтік бағдарлама бөлімдерінің проблемалық 
материалдары студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және 
тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық 
деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты 
бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты 
ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен 
шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық 
принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқытудың кредиттік 
технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл типтік бағдарламаның 
мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих ғылымындағы Қазақстанның 
қазіргі заман тарихын проблемалық тұрғыдан қарастыруға негізделген 
бөліктерден тұрады.
Бұл типтік бағдарламаны құрастыру барысында авторлар, «Қазақстанның 
қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді 
міндеттермен байланыстыра қарастырды: 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін 
қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің 
теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды 
біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру; 



Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы 
ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен 
маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; 

Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы 
мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи 
фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын 
тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан 
тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; 

Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және 
идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми 
тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Пәнді оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: 
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, 
салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде 
оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге 
дағдылану; 
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз 
Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың 
тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен 
маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның 
тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық 
талдаулар жасау дағдысын меңгеру. 
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет 
басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 
жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты 
теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде 
елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер 
мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, 
мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты 
зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» 
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи 
Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы 
болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи 
зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның 


басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи 
өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына 
мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің 
ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа 
кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи 
мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ 
саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы 
тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру 
жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің 
негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық 
Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және 
бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. 
ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды 
облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі 
шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың 
салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын 
қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген 
мақалада. 
Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа 
кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді 
шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және 
«Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» 
атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. 
Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-
экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру 
жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты 
оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым 
еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт 
көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді. 
«Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын 
шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. 
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық 
тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген 
отырысында жасаған баяндамасында: «Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың 
басты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз 
егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар 
ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік.


Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігі 
неде еді, қалыптасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі 
белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, 
саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті 
әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - 
деп атап өткен еді. Біздің орталықтың ұжымы алдымызға қойылған 
міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады», - деп түйдіндеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет