1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен
мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже
бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей
империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі
келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.
1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс
аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей,
Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген
негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық»
жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына
қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі
отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.
1870—1914 жылдар
аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстары
ның аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең
жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды.
Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген
шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд
бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген
лауазымды қызмет пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: