1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


-1907 жылдардағы І орыс революциясы және оның Қазақ өлкесіне



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
5.1905-1907 жылдардағы І орыс революциясы және оның Қазақ өлкесіне 
әсері

1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына 
әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы және ұлттық 


зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі -1905-1907 жылдарда бірінші орыс 
буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.XX ғ. 
басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған 
кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын 
еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының 
қалыптасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы 
кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың 
үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі 
байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген 
қоныс аударушылар мен отаршылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке 
байланысты әлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық 
аңғарылады. XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары 
ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни тау-кен 
өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның 
ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-
кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып 
жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында 
мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-
кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына 
көшті.Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-
демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, 
өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан 
жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала 
жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ 
ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-
әрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа 
белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.1905-1907 
жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси 
дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары 
Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты 
жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. 
Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 
жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды 
кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа 
да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. 
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ 
халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 
1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, 
Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, 
азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік 
орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің 
жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға 


қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі 
астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды 
болмаған құбылыстар байқалуда" – делінген. Қазақ даласында байқалған 
мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың 
үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда 
қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде 
орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша 
қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып 
тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік 
орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың 
ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің 
тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоқы жасалуына наразылық білдірілді. 
Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ 
арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге земство енгізу 
сұралды.Қазақстан қалаларьшда өткен жұмысшылар мен қызметкерлердің 
жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда 
атқылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың 
отбасыларына көмек үшін қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың 
ереуілдері мен стачкалары, әсіресе теміржол қатынасы орындарында не - 
ғұрлым кең қанат жайды. Революция жылдарында олкенің темір жол 
тораптарында поездардың жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар ез 
еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, 
Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын 
жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перовскіде қала 
еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының, Жосалы станциясында 
құрылыс жұмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 ж. қазан - желтоқсан 
айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде құрылған Перовскінің, 
Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржол комитеттері 
өлкедегі жұмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа 
революциялық өкіметінің бастамасы болды.1905 жылы Қазан айындағы 
Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында 
шерулер, митинглер мен жиналыстар болып етті. Перовскідегі, Оралдағы, 
Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. 
Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар 
ұйымдастырды. Мысалы, Оралда Б. Қаратаев пен Ж. Сейдалин, Қарқаралыда 
А. Байтұрсынов пен М. Бекметовтар және т. б. ерекше белсенділік көрсетті. 
Қарқарыладағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке 
қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400 - дей 
адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, 
отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы 
оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. 
Ақбаев Якутияға жер аударылдыПатша өкіметі халықты революциялық 


қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік 
Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан 
айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы 
шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазак сайланды. Олар: Ә. 
Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген 
депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 
1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жыльт тамыз айында II 
Мемлекеттік Дума шақырылды. Оғаи Қазақстаннан 14 депутат сайланды, 
оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Қощығүлов - Ақмола 
облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал 
облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Аллабергенов - Сырдария 
облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.Екінші мемелекеттік Думада 
өлкенің социал - демократиялық ұйымынан барғам депутаттар қазақ 
кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр 
жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен 
шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев езінің мемлекеттік 
Думадағы сөзіиде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды 
далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей 
облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет