1Биологиялық қауіпсіздіктің принциптері мен мәнін зерттеу



Дата16.10.2023
өлшемі15,65 Kb.
#116559
Байланысты:
4 сабак Музапарова Ақерке


1Биологиялық қауіпсіздіктің принциптері мен мәнін зерттеу
биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер бетінің және топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің (бұдан әрі – табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін жай-күйі;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар – Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ осы Заңның 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге енгізілген нормативтік техникалық құжаттарда, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарда қамтылған, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормалар;
2.Негізгі биологиялық қауіптер мен олардың маңызды белгілерін талдаңыз.
Биологиялық қауіптің негізгі көздері:
- жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі;
- эпизоотиялар;
- биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары;
- экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы;
- биологиялық терроризм;
- биологиялық қаруды қолдану.
Биологиялық агенттер қолданылатын объектілер:
- микробиологиялық зертханалар;
- мұражай коллекциялары;
- ғылыми орталықтар;
- өндіріс;
- міндеттеріне дәрігерлер, зертханашылар, биологтар, технологтар және т. б. даярлау кіретін білім беру мекемелері.
Биологиялық зертханада ықтимал инфекцияның ең көп таралған көздері:
- микробтық дақылдармен тікелей байланыс;
- тірі микробтармен іс-әрекет;
- жұқтырған жануарлармен байланыс;
- ластанған жабдық («таза» ретінде қолданылады)
– тазалау жұмытары (ПБА-да жұмыс істемейтін персонал жасайды)
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы негізгі бағыт Қазақстан Республикасы халқының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл халықтың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (яғни атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, жер беті мен топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуы болып табылады.
Негізгі биологиялық қауіптер мен олардың маңызды белгілерін талдаңыз.
биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер бетінің және топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің (бұдан әрі – табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін жай-күйі;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар – Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ осы Заңның 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге енгізілген нормативтік техникалық құжаттарда, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарда қамтылған, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормалар;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – биологиялық қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) биологиялық қорғау – патогенді биологиялық агенттерді құқыққа сыйымсыз пайдаланудан физикалық қорғау (ұйымдастырушылық іс-шаралардың, инженерлік-техникалық құралдардың және оларды қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жиынтығы), патогенді биологиялық агенттермен қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау, есепке алу және қамтамасыз ету, олардың жоғалуын, жымқырылуын, оларға санкцияланбаған қол жеткізуді немесе олармен санкцияланбаған жұмыс істеуді, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау жөніндегі шараларды қабылдау арқылы іске асырылатын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
7) биологиялық тәуекел – патогенді биологиялық агенттердің адамдардың, жануарлардың саулығына, өсімдіктерге зиян келтіру ықтималдығы, сондай-ақ олардың табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу ықтималдығы;
8) көмекші персонал – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын жұмыскерлері; 
9) қауіпті биологиялық фактор – патогенді биологиялық агенттердің және оларды қамтитын объектілердің, тасымалдаушылар мен жұқтырғыштардың адамдардың, жануарлардың саулығына, өсімдіктерге теріс әсер ету, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу тәуекелдерін арттыруға алып келетін оқиға, жағдай, қасиет және (немесе) процесс;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет