1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау



бет26/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Ақпараттық ЖүйелерНегіздерінен Әдістемелік Нұсқаулық

RLE алгоритмі
RLE (ағ. Run-Length Encoding — қайталану санын есепке ала отырып кодтау) алгоритмінің негізі қайталанатын тізбектерді табу қағидасына сүйенеді: қайталанатын фрагменттер мен қайталану коэффициенттері.
RLE кодтау әдісімен ақпаратты кодтау: тізбек басқару байттарынан тұрады. Егер сандар тізбегі бірнеше рет қатарынан қайталанса, онда басқарушы байт 1-ден басталады да, одан кейін қайталанатын сан жазылады. Егер сандар тізбегі қайталанбаса, онда басқарушы байт 0-ден басталады да, сандар өзгертілмейді.
RLE кодтау әдісімен ақпаратты қалпына келтіру: тізбек басқару байттарынан тұрады, егер басқару байтының басы 1 –ге тең болса, онда басқару байтынан кейінгі деректерді сонша рет қайталау керек. Ал егер 0-ге тең болса, онда одан кейін байттарды өзгертпеу керек.
Егер басқару байты 10000111 болса, онда одан кейінгі байтты 7 рет қайталау керек, ал басқару байты 00000100 болса, онда одан кейінгі 4 байтты өзгеріссіз қалдыру керек.

  • RLE әдісімен келесі байттар тізбегін қаттаңыз:
    11011111 11011111 11011111 11111111 11111111
    11110000 00001111 11000011 10101011 10101011 10101011 10101011

  • RLE әдісімен кодтағаннан кейін мына тізбек алынды (алғашқы байт – басқарушы):

10000011 10101010 00000011 10101111 10001111 11111111.
RLE кодтау әдісімен ақпаратты қалпына келтіргеннен кейін байт саны нешеге тең?
10101010 10101010 00000011 10101111 10001111 11111111.
Жауабы: 6 байт
Мысалы: RLE кодтау әдісімен ақпаратты қалпына келтіргеннен кейін байт саны нешеге тең?
Берілгені. 10000011 10101010 00000010 10101111 11111111 10000101 10101010.
Шығарылуы: 10101010 10101010 10101010 10101111 11111111 10101010 10101010 10101010 10101010 10101010 .
Жауабы: 10 байт
Есеп. Қаттау әдісінен кейін мәтін неше байттан тұрады? «КОЛ_ОКОЛО_КОЛОКОЛА»
Мәтін «КОЛ_ОКОЛО_КОЛОКОЛА» тек 5 символдан тұрады: «К», «О», «Л», «А» және бос орын. Бұл мәтін 18 символдан тұрады және басқару байты 3-ке тең. Сондықтан 18 * 3 = 54 бит керек. 1 байт= 8 бит болғандықтан, бүтін санға жуықтай отырып , алатынымыз: 7 байт, артығымен. Сығу коэффициенті 18/7 = 2,(571428)  2,6.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет