1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Ы.Алтынсаринның әңгімелері мен өлеңдерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні



бет61/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
56.Ы.Алтынсаринның әңгімелері мен өлеңдерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні.
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.
57-билет Б.Майлин – қазақ әңгіме шебері.
 Адам тағдырын әр қырынан алып көрсетуге де көркем әңгіменің икемі толық жетеді. Оның өзіндік қасиеттерін меңгеріп, сарқа пайдаланса, шағын әңгіме шеңберіне шалқар идеялық-мазмұн сыйғызуға болады. Көлемді роман, повестерге қарағанда, әңгіме өз оқырманын тез табады. Сондықтан бар идея, толғандыратын әлеуметтік проблема, айшықты эстетиканы барлық халыққа жеткізуге мүмкіншілігі орасан зор. Әрі жеңіл, әрі бір демді оқылады да, өз әсерін жылдам тигізеді. Әдеби жанрдың қайсысының да өмір қажеттілігінен туатынын дәлелдей келе, В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жәйттерді қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді.» – деген болатын. Мұнан әрине романды жоққа шығармаймыз. Демек, әңгіме заман сипатына, оқырман талабына лайық, аса қажетті жанрдың бірі, сондықтан оның өміршеңдігі арта түспек. Осы тұрғыдан қазақ әңгіме, новелласының үздік шебері Б.Майлин өз шығармаларында халық өмірінің көркем шежіресін жасап кетті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.Осындай тарлан талант, кесек құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі – Бейімбет Майлин. Ол әдебиеттің поэзия,проза,драматургия саласында бірдей қaжырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды. Майлиннің бізге үлкен өнеге болатын көркемдік қасиеті — қарапайымдылығы. Онда өзі бастаған жас әдебиетке тән әшекейге, бірден бетке ұратын арзан әсерге құмарлық жоқ.  Бейімбет Майлиннің бірқатар туындылары әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Раушан – коммунист», «Берeн», «Күлтай болыс» және тағы басқа әңгімелеріндe қaзaқ қызының тағдыры мен жағдайы туралы,әйелдің отбасындағы,өмірдегі орны мен рөлі жайында жазды. Жазушының әңгімелері мол: «Ұлбосын», «Сары ала тон», «Сот алдында», «Әліштің пырағы», «Қызыл әскердің үйі», «Таңба», «Қара шелек», «Кенес ағасы Қамила», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Қалекеңнің үйінде», «Көктеректің бауырында», «Колхоз қорасында», «Охрана бастығы», «Сары май», «Бейсекеңнің үйінде». Жазушы бұл туындыларында тақырыпты дараламай көп қырлы өмірдің басқа салаларына да ықпал жасарлық жаңа қадам түрінде суреттейді. «Раушан – коммунист» әңгімесінде кедей шаруаның әйелі Раушанның өсу жолы,оның күйеуі Бекеннің ескіліктің шырмауынан шыға алмай адасуы өте дәлелді суреттелген. «Күлтай болыс» әңгімeсінде бұрын отбасы, ошақ басынан шығамын деп ойламаған Күлтайдың болыс болып сайлануы,оның әуелде жасқанып,кейін төселе келе мәселені әділ шeшeтін қызметкер болып шығуы әңгімеленеді.Б.Майлин – ірі бaйларды тәркілeу,кедей шаруаны ұжымдастыру шаралары кезінде тарихи оқиғаның ізін суытпай,оларды көркем шығармаға арқау ете білген жазушы. «Ұлболсын», «Сот алдында», «Дайрабайдың көк сиыры» туындылары осыған дәлел. «Сары ала тон» әңгімесінде тәркілеухабарын естіген байдың үйінің қасіретті халі суреттелсе, «Арыстанбайдың Мұқышы» әңгімесінде ұжымдастырудың алғашқы жылдарындағы жалған белсенділердің образы беріледі. Ал «Күлпаш» әңгімесі – ел басына түскен ашаршылықтың шындығын көрсeткен шығармалардың бірі.Онда аштық алдындағы дәрменсіздік,ұлы мен күйеуінің аштықтан аман қалуы үшін Күлпаштың ойда жоқ әрекетке баруы,яғни басқа ерге шығуы әңгімеленеді. «Жазушы өз шығармашылығында қораштыққа басқан жоқ. Қарапайым халықтың өміріндегі, ойындағы, қиялындағы құпия күйде қалып келген мол көркемділікті ашты. Оның көркемдігі замана көркемділігімен нәрленді сөз көркемділікке қазына болып қосылып байытты» , - дейді Темірлан Нұртазин.Майлин – шыншыл суреткер. Ол өмірде болғанды, болуға лайықтыны әңгімелеріне арқау етеді. Әңгімелері тікелей өмірді жанды көрінісімен көз алдыңа әкелгендей болады. Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады. Жазушы кейіпкерлердің, оқиғалардың тереңдігін қайшылықтарын ашқанда оны жадағай қалпында бермей, перделеп «қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» деген нақтылау жобасымен суреттеуге бейім.Бейімбеттің әңгімeлері қазақ тарихының бейнелікөріністері іспеттес.Біз оның шығармаларын оқи отырып,жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақтың басынан өткен оқиғалардың куәсі болғандай әсер аламыз. Өйткені Бейімбет адам кескінін де , заман келбетін де ғажайып көркемдік күшпен танытып кеткен.Майлиннің шеберлігі жөнінде Сәбит Мұқанов былай деген: «Оның стилінде ашық түсінік,ойлаулы сөз, дәлдік ұғым бар».Менің ойымша, Бейімбет Майлин әрі қысқа,әрі нұсқа туындылары арқылы қазақ ауылының өткен ғасырдың басындағы көркем шежіресін жасауымен ғана емес,әдеби шеберліктің мектебін ашып,шынайы таза үлгісін көрсеткен классик- суреткер ретінде, шынайы қазақ халқының өміріндегі мәселелерді көтеріп,керемет тілмен жеткізген әңгіменің хас шебері.Бейімбет Майлин туындылары осындай көркем өнердің баға жетпес меруерт – маржандарының қатарынан орын алып, талай ұрпаққа тағылым беріп, суреткердің өзі мәңгілік құнды асыл сөздерінің арқасында біртума дарын ретінде халық жүрегінде мәңгілік сақталатынына ешбір күмән жоқ.
 
Қорыта келгенде,әдебиет – ар – иман, инабат құралы. Бейімбет Майлин қаламынан туған шығармалар қазiр де өзектiлiгiн жоймай, бүгiнгi күн мәселелерiне жауап бере алады. Өйткенi, оның шығармаларының тамыры тереңде, халық тағдырымен бiте қайнасып жатыр. Қаламгер қандай мәселенi көтерсе де арқауында шындық жатыр. Бейімбет шығармашылығын зерттеушілердің бірі Тоқтар Бейісқұлов қаламгердің бұл шеберлігінің сыры туралы өзінше ой қорытып: «Әдетте нағыз қаламгер көп жүргенді, елді, жерді аралағанды, өмірді өз көзімен көруді қалайды, барлап, зерттеп ой қорытады. Сондықтан да ол үнемі өмірден өз кейіпкерін іздейді. Жүрген жолында, болған жерінде әрқилы тағдырлы адамдармен кездесіп, олардың мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұрмысын бақылап, жүрек түкпіріне түйеді», - дей келе негізгі себеп – жазушылық пен журналистікті ұштастыруда деп түйіндейді. Бейімбет Майлин әңгіме жанрын ерекше әрлеп,классикалық биікке көтерген нағыз қаламгер шебері.Қаламгердің шығармалары қазақ әдебиетінің барлық саласын байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі жасайды және мектеп бағдарламасында жазушының шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың қазақ әдебиетінің проза саласына деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Қаламгердің мазмұны терең, көркемдігі кестелі, ойы ұшқыр туындылары талай ұрпақтың рухани азығына айналып, сан алуан зерттеулердің нысаны болып, өз мәнділігін мәңгілік жоймайтынына, талай оқырманның көкірек көзіне ой салып, көңілінен шыға береріне, сөз өнерінің қиын да күрделі жолына түскен өнер адамдарының бағыт алар темірқазығы боларына сеніміміз мол.
Әдебиеттер тізімі
1. Қабдолов З. Сөз өнері А., «Қазақ университеті», 1992- 352 б.
2. Наурызбаев Б. Қазақ прозасындағы Б.Майлиннің прозасы А., 1967-255 б.
3. Омаров І. Бейімбет хақында бірер сөз. 1988- 397 б.
4. Би аға. (Бейімбет Майлин туралы естеліктер), Құраст.Бейісқұлов Т, А.,1991- 304 б

58-билет Б.Бұлқышевтың публицистикалық шығармалары.
Баубек Бұлқышев (1916–1944) - Қарағанды (қазіргі Жeзқазған) облысы, Ұлытау ауданында туған.
1930 жылы «Ұлытау» кеңшарының сүт фермасында есепші болып істеген. 1937 жылы Алматы саудафинанс техникумына оқуға түседі.

1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды да, Мәскеуде сапер училищесінде оқиды. Жалынды публицист, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғады. Украинаны азат етісті. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Баубек көптеген өлеңдер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады. «Алматы – менің туған қалам» атты бітпей қалған романы және «Айсұлу» деген поэмасы бар.


Жазушылық таланты Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді.
1942 жылы 1 мамырда «Комсомольская правда» газетінде «О жизни и смерти» (Записки молодого казаха фронтовика) деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты. Ол өзінің әскери очерктері мен публицистикасын орыс тілінде жазып, үнемі «Комсомольская правда» газеті беттерінде жариялап отырды. «Я хочу жить», «Жизнь принадлежит нам», «Коварство и любовь», «Письмо сыну Востока», «Слушай Кавказ» және басқа мақалаларын Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жариялады. 1946 жылы Мәскеуде шыққан «Жизнь солдата» жинағына Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енді. Оның көркем әдеби мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакциясымен шыққан «Өмір біздікі» кітабында, сондайақ «Жауынгер мәңгілігі» кітабында жинақталған. Шығармалары әлденеше рет қайта басылды.
Шығармалары: Жизнь солдата. М., «Молодая гвардия», 1946; Өмір біздікі. А., ҚМКӘБ, 1948; Жауынгер мәңгілігі. А., «Жазушы», 1965; Адамзатқа хат. Шығармалары. А., «Жалын», 1977; Заман біздікі. Шығармалар жинағы. А., «Жалын», 1984.


59-билет М.Әлімбаевтың балаларға арналған жинақтары
Мақалада қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі, өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш ақын Мұзафар Әлімбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. М.Әлімбaевтың балалар поэзиясында өз шәкірт ақындары, өз мектебі бары – шындық. Мұзафар Әлімбaев есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танылған балалар ақыны, жас бүлдіршіндердің сүйікті қаламгері. М.Әлімбаев қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі, өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш ақын. Оның бата-өлеңдері «Батамен ер көгерер» деген атпен жеке кітап болып 1996 жылы «Атамұра» баспасынан шықты. Жинаққа көрнекті ақынның 200-ден астам баталары енген. Ж.Елшібек «Ерекше туынды» атгы мaқаласында ақынның баталары жөнінде: «Қашаннан сөздің құдіреті мен қасиетіне зор мән беріп, сергек қарайтын Мұзафар Әлімбаев ықшам, тығыз, ойлы, өрнекті жазу үрдісінен айнымай келе жатқанына куә боламыз» [1, 32-б], – деп жазады. Яғни, Мұзафар Әлімбаев қазақ лирикaсын көпсөзділіктен, боссөзділіктен арылтқан, нақтылықты орнықтырған ақын. «Өлеңнің табиғаты лирика, сондықтан ақын өлеңмен жазған шығармасын лирикалық етіп, өзін толқытқан, тебіренткен жaйды оқырмaн да толқынaрлық, тебіренерлік етіп жазaды» [2, 72-б], – дейді.
Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға – Мұзафар Әлімбай.
Ақынның “Естай-Хорлан”, “Менің Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана” қатарлы көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті – қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал-мәтелдер” секілді кітаптары халықтың күнделікті қажетсінер дүниесіне айналды.
Сондай-ақ ол aйтулы публицист, мaйталман аудaрмашы, әдебиет зерттеуші. Ақынның бұл қырлaрының қай-қайсы да-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, мәуелі бұтақтар. Үздіксіз, әрі дәмді, мол жемістер беріп келе жатқан бұтақтар. Шындығын айтсақ, бізге үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән-өлеңші, ұстаз, редактор М.Әлімбaйдың қай-қайсысы да қымбат. Алайда, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде, қалaмгер есімі атaлса болды, aлдымен балалар ақыны М.Әлімбaйдың ойға орaлары анық.
Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десеңіз, балaларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” бастaлатын балғындaр өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабaры жоқ, бесікте жатқaн сәбиді өз ырқынa көндіріп, өз дегенін істететін – өлеңнен aртық керемет бола ма? Бөбектерге арнaп өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой…
М.Әлімбай – қазіргі балалар әдебиетінің ата буынына қосылған көрнекті қайраткері, тәлімгері. Ақынға 1984 жылы “Аспандағы әпке” атты балаларға арналған жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлықтың бөбектердің сүйікті ақыны – Мұзафарға берілуі әбден орынды. М.Әлімбай балалар әдебиетінің қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой – өрісіне сай лайықталған азаматтығы асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр алуан ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін тaнытады. Оның шығармалары мектеп оқулықтарынан тұрақты орын алған. Өлеңдерін оқып тілі шыққaн бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындaғы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрін Мұзафар ағамыздaн үйреніп келеді» [3].
Бүгінде, мынау технология мен ғарыш зaманындa біздерді таң қалдыру, кітапқa еліктіру оңай шaруа емес сияқты. Сoлай бола тұрa, білмейтініміз көп… ал білетініміз аздау болып жатады… Талғамы биік В.Белинскийдің бір сөзі осы бүгін айтылғaндай:”…Бaлaлар жaзушысы болып қалыптaсу қиын, aрнайы туу керек. Мұның өзі өзінше бір қaбілеттілік бoлады… Мұнда талaнт қaна емес, сoнымен бірге өз алдына даналық та керек”. Яғни, бала бола білу керек. Ал, М.Әлімбай атамыз шығарма жазғанда тіпті балалардың жас ерекшеліктеріне дейін қатты ескереді екен. Сондықтан оның өлеңдері бүлдіршіндерге, балдырғандарға, жaс өспірімдерге арналған болып айқындалып, айрықшaланып тұрады.
Мұзафар Әлімбайдың “Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?”, “Көкек неге “көкек” дейді?” “Тауыс неге қызыл-жасыл?”, “Қарға неге қара?”, “Алатаудың баурайында”, “Көк кілем”, “Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы” аңыз-ертегілері кім-кімді де жалықтырмaйды деп oйлaймын.
Мұзaфар Әлімбайдың балaларғa арнaп жазған кітаптарында тәрбиелік мәні бар өлеңдері көптеп кездеседі. Мысалы, ”Суайт сауысқан”, “Қырықаяқ”, “Әппақ пен сатпақ”, “Тарғыл мысық дағдысы” сияқты толып жатқан жырлары бар.
Ақын “Жел деген не?” өлеңінде:
Жел деген не?
(Айт деп інім жалынды).
Жел де ауа кәдімгі
(Айтқаныма нана ғой).
Жел дегенің тек бірақ,
Ойға –қырға шапқылап,
Пайыз таппас ауа ғой[4]- деп, жел сияқты тұрақсыз әрі берекетсіз болмау жағын тапқырлықпен айтып, суреттеп берген.
Ақын 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастайды. 6-сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, “Бауырсақтан” бастап, “Батырлар жырымен” жалғастырып, Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Өлең жазуды мектеп қабырғасында бастап, 16 жасында анасына арнап жазған тұңғыш өлеңі мерзімді баспасөзде жарияланады. Бұл үлкен өнер жолына деген алғашқы баспалдағы еді.
60-билет Қазіргі қазақ балалар поэзиясының ақындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет