1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


-С.Дөнентаев мысалдары мен С.Торайғыров өлеңдері



бет44/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

39-С.Дөнентаев мысалдары мен С.Торайғыров өлеңдері.
Сәбит Дөнентаев өз өлеңдерінің алғашқы жинағын «Ұсақ-түйек» деп атады дедік.Осы атақ Сәбит өлеңдерінің бәріне сай келеді деуге болады . Оның балалар әдебиетіне қосылатын шығармалары негізінен ұсақ, қысқа , шағын әрі мазмұнды, түсінуге жеңіл болып келеді . Ақын өлеңдері қысқа жазылса да белгілі оқиғаларға құрылғандықтан, өзіне лайық кейіпкерлері, типтік образдары бар. Өтірік, өсек, жағымпаздық, мен-мендік және тәкаппарлықты әшкере ету-Сәбит Дөнентаев жазған мысал өлеңдердің ең басты тақырыптары болады. Оның «Қожа», «Ауырған арыссы», «Ужеген қасқырға»,.Көзі тоймаған ит», «Екі теке «Бозторғай» мысал өлеңдері кейбір адамдарда болатын аңқаулық, өрескел қылықтардан, өсек-аяң,өтіріктен, жағымпаздық немесе бірді-бірді соғыстыратын айлакер сұм істерден аулақ болуға үйретеді.Ондай жағымсыз әрекеттердің адам баласына жат жақтарын әжуа, мазақ етіп, мейлінше әшкерлейді.
Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналық, күлдіргілі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжет мен мазмұнынан көруге болады.
Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймайды. Қазір қолым бос емес, күт,төз, жаның шықпайды деп ұрсады.
Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді . Оны іздеп келе жатыр, көлде қырылып жатқан үйректерді көреді, оларды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қаршыға мен сияқты зәбір көргеннің мұңын тыңдамайды екен,бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров — тәуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін тамаша туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды. Бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек.


Ұлы ақын қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1893 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт кедей, момын, шаруақор болса да, балаларының оқуына жағдай жасаған. Сұлтанмахмұт алты жасында сауатын ашқан. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді («Осы да әділдік пе?», «Бір адамға», т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» жариялады. Торайғыров «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет