1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.Біздің заманымыздың тамаша жазушысы, авар ақыны Р.Ғамзатов шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «Ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан;ой мен сезім – бұғы десек, тақырып - орман; ой мен сезім –елік десек, тақырып - тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жолға алып баратын шаһар ».
Мыс: «Абай жолындағы» «Қайтқанда» бөлімінің басындағы эпизодты алып қарасақ, өз тақырыбы – туған жер; өз идеясы – сағыныш. Абайды елдің күтіп алған жері.Тақырып – ана, идея – мейірім; әкесімен кездесу. Тақырып - әке, идея – қаталдық.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей өзекті мәселені негізгі идея дейміз. «/1/
«Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары.Тақырыпты бірнеше қырынан алып қарастыру кездеседі.
Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып – алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың, суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбер-шегі. Ал, шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып – ол шығарманың мазмұнының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылған,суреттелген жайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Яғни, әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар өмірдегі алғашқы өз қалпында қалмайды,жазушының түсінігіне сәйкес тиісті мән беріліп, көркемдік шешімін тапқан сурет-бейнелер, маңызды мәселелер болып шығады.Сондықтан тақырыпты анықтағанда тек өмірдегі бар жайларды санамалап шығумен немесе жеке мәселелердің маңыздылығын көрсетумен іс бітпейді.өйткені сол өмір құбылыстарының қай қырынан алынып, қалай бейнелегенін, қаншалықты ұғымды, әсерлі көркемдік шешім тапқанын айқындаудың мәні зор.
Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін, өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өзі-ақ жазушының мақсат-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады.Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді.Олар бір-бірімен кірігіп, біріне-бірі реңк беріп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты.көркемдік идея да өз алдына бөлек, оқшау тұрған нәрсе емес, ол шығарманың өн бойындағыкөркемдік шешімдерден өріліп шығады, солардан туындайтын қорытынды-түйін ретінде көрінеді.»/2/
«Тақырып деп көбіне үлкенді-кішілі шығармалардың атын айтамыз. Сонымен қатар сол шығармада сөз болатын мәселені де тақырып дейміз[3].
Мысалы, І.Жансүгіровтің «Шәркей» әңгімесін алайық.Әңгіменің аты, тақырыбы аяқ киім – шәркей туралы. Шәркей туралы сөз ету үшін жазушы Шәутен деген бала жайында айтады.Егер әңгіменің осы бала жайында жазылған жерін теріп алсақ , онда «Шәутен» деген тақырып шығар еді.
Шәутен Шәутен деген баланың бір ақ қозысы бар еді. Ол қозысын жақсы көреді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.
Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқан қозысы Шәутеннің аяғын басып кетіп, шәркейдің ұлтанын түсіріп, жыртып тастайды. Шәутен шәркейіне жылап жібереді. Сол кезде апасы:- Қой, балам, жылама. Осы қозының жүнін шәркей қылып берем; онда қайтер екен,- дейді.
Шәутен де өсті... Жамаулы жаман шәркейі кішкентай болып аяғына сыймай қалады.
Шәутен:
Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды,- дейді.
- Ендеше , ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам,- дейді апасы.
Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырады. Осыдан кейін апасының шәркей жасауы сөз болады.Ақырында шәркейді Шәутен киіп алады. Аяғына шап-шақ, әдемі ақ шұбар шәркей болыпты. «Шәутен қуанды. Апасын құшақтап, бетінен сүйді. Шәутен марқасына келіп:
-Міне, бәлем, менің шәркейім,- деді.
Марқасы:
- Ім-м – м-м –м..., деді.
Енді қозы тақырыбын байқайық.