1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары. Балалар әдебиетіндегі байланыс. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері



бет85/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
92.Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары. Балалар әдебиетіндегі байланыс. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері.


Д.Дефо («Робинзон Крузо») 1660, Лондон -1731) - Ағылшын жазушысы, публицист. Атақты «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» романының авторы. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды.Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды. Дефоның 350-ден астам шығармасын жазған. Оның аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.Кітаптың тарихы былай.XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхат сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады. Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу. Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген.Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналамсына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет