Байланысты: Д ріс Философия ылым методологиясы ретінде
Дәріс 6.2. Білім философиясы 1. Білім философиясының қалыптсуы.
2. Білім философиясындағы университеттердің рөлі.
3.Қазақстандағы білім жүйесінің трансформациялануы.
Білім беру сферасының болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің шексіз екендігі ол зандылық. Нақтырақ айтар болсақ болашақтағы әрбір адамның тұлғалық қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы, ақылдылығы, дүниеге деген көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім берудің негізінде сомдалады, демек қоғамның эконмикалық, руханилық потенциалы, жалпы тұтас өркениет осыған келіп тіреледі. Бүгінгі ХХ ғасырдағы туындап отырған ғаламдық тенденцияларды анализдеу өзекті және манызды мәселеге айналып, олардың болашақтағы адамзат өркениетінен келіп туындайтын алапат жағдайларына қарсы тұруға шақырады. Бұл жан айқай білім беру сферасынан тікелей орын алып, қоғамда, әлеуметтік ортада білім беру сферасын нақтылап, оның болашақтағы атқару қызметін айқындай түседі.
Тұлғаның және барлық адамзат қауымдастығының рухани дүниесінің, адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына тікелей байланысы бар біршама технологиялық сфераларды бір арнаға түсіруге тура келеді, дегенмен білім беру сферасы өзінің басты интегративтік қызметін, яғни рухани біртұтастық пен адамдардың бір бірін түсінудегі қабілеттерін әлі күнге дейін арттыра алмауда. Ол өзінің болашақтағы біршама манызды дүниелерді болжаудағы, мәдени білімділікті және діли ұқсастықты ұсынудағы міндетің атқаралмайынша өткір мәселелер өз шешімін таппай оның әртүрлі сфераларында сол күйінде қала бермек.
ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің дәмін татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада жеткізуге мүмкіндік тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және соған дағдылануға алып келді. Өзінің осы міндетін білім беру саласы мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта ұстаздар өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа компьютрлік құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға жүктелген. Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас бейнесі жас ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетіне тән тұтас адами қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының ұрпақтан ұрпаққа берілуі, олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде негізделіп жүзеге асуда. Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі танда білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты түрде ұсынылып отыр. Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы философия тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі ретінде таңыуы. Бұл тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас бейнеде дамудағы зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды пайдалану толықтай жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп жоспарлы қызметтеріне жүйелі, мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп, білім берудің философиясы жалпы философиялық доктриналарды(позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, реализм, постмодернизм, экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және т.б.) «айналып өтуге» тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып келеді(оқытушылық методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне үнілу арқасында.
Білім берудің философиялық статусының екінші тәсілі, негізінен мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып, оған қол сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің философиялық дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым ретінде. Сондықтанда тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру шенберінде философиялық негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен жеткілікті.
Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен түбірімен өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән аралық ғылым салаларының толықтырушысы ретінде орын алады. Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен қатар, плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық болса, сонда тек бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан қадағалап жалғыз идеологиялық талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік логика білім беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім берудің шенберін практикада ашып көрсету, жана идеялардың пайда болуына алып келеді және білім берудің философиялық мәніне назар аударып тіршілікке қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау формасында теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады.
Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан өзгешелігін көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып отыратын арнасы болмақ, яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық ілімдердің болуынан емес, оның барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының дамуына объективтік зандылықтардың орын алуынан(яғни олар әрине бұны ескеруге тиісті). Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни білім беруге тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім берудің дамуын, пән аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, қағидалрын, постулаттарын, ережелерін, методттарын, гипотездерін, идеялары мен фактлерін жатқызуға болады. Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде ұсынуға болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл қоғамқұндылығы ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде. Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың арасындағы өзара қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы барысында мемлекет пен қоғам ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді. Мемлекет аясында білім берудін беделі алда тұрғанымен, яғни қоғам денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін орындағандай білім берудің даму қарқынына ат салысады. Қоғамның шындалуының анықталу мәні, білім берудің беделінің мемлекеттік сатыдан қаншалықты көрінуінен. Білім берудің қоғамдық мемлекеттік мәнінің анықталуы барлығының белсенді түрде ұжымдасып әрекет етуіне тәуелді емес, олар ең басты — білім берудің тұлғалық құндылығын, яғни жеке өзінің біліміне бағытталған адамдар қатынасындағы талпыныстары мен индивидуальдық мотивтеріне түрткі болалмайды. Шектен шыққан кез келген көзқарастар анық тиімді шешімдерді тудыруға дәрменсіз. Олардың пайдадан көрі зиянды көбірек әкелуі таң қалдырмайды. Барлығы метеп қабырғасынан алынған білімге және оның ықпалына етуіне тікелей байланысты, себебі мемлекет бұл тұтас социум, яғни қолдан жасалған, салыстырмалы, өтпелі құндылықтардан биік тұрған, мектеп қабырғасынан туындайтын жоғарғы абсолюттік ізгілікті құндылықтарды мойындауды жөн көреді. Қоғам мен мектеп арасындағы байланыс осылайша екі жақты болып келеді және осы өмірлік күрделі арнаны нығайту қиынға соғады. Осылай бола тұрсада, қазіргі таңда мектептер идеологиялық және саяси сайлаулар мен тандауларды жүргізуге ұмтылуда, яғни саяси доктриналар мен адамгершілік идеалдарының келісулерінің нәтижесінде қалыптасатын гуманистік құндылықтар мен оның мәнің аша түсетін құқықтар және адамдар мен азаматтардың еркіндіктері алға тартылып, қажет болса оған “қарсы тұру” сапасында көтереді. Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың тұрақсыз өтпелі тұсында, олар өздерінің саяси доктриналарын барынша білім беру сферасына орнықтыруға тырысады, осы кезенде жалпы білім беруден, мектептерден, оқытушылардан, өзінің жоғарғы гуманистік идеалымен гуманизмге қарсы бағытталған ұлтшылдық, шовинистік, неокоммунистік немесе діни фундаменталистік, өркниет идеалдары мен атқа мінерлерден адаспауына шешімділік пен ерікті болуын талап етеді. Бірақта басқаларға тәуелсіз шынайы білім берудің көрінер кезі көпшілік халықтың жоғарғы діли құндылықтарын, оның мәдениеттері мен атадан балаға қалған діли мұраларын қоғам құндылықтарына, өркениеттің идеалдарына және бетке ұстарына айналдырып, ары қарай дамыуымен және рухани саладағы социумның шайқалуына мүмкіндік бермеуінен. Білім берудің философиясы кез келген елде қоғамдық өмір сүру саласына «тұтқа» болар өзіне тән ерекше мәнді және міндетті біршама жалпы мәселелерді қарастырады: яғни өнеркәсіп саласы мен адамдардың әлеуметтік мәдени және әлеуметтік-экономикалық ресурстарын қайта өндеуге мүкіндік береді, сонымен қатар тұлғалардың әрдайым өзгеріп отыратың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жол табады. Кез келген жаңа дүниелер (соның ішінде реформа) жемістерінің төмен денгейде болып жатуының негізгі себебі, яғни білім беру саласындағы осы жаңалыққа сай дайынсыздық, нақтырақ айтқанда оқытушылар мен практика арасындағы алшақтықтан туындайтын шала білімділік. Педагогикалық білім беру жүйесінде әлі күнге дейін оқытушылдарды дайындау барысында прагматикалық тәсіл үстемірек келеді, олардың өзіндік философиялық тұрғыдан дүниеге көзқарасы, яғни тұлғаның дүниетанымын терендете түсетін әлсізірек. Сондықтанда, әлі күнге дейін педагогикалық оқу орындарынан қазіргі тандағы әлемде және елімізде өмір сүріп отырған стратегиялық сұрақтар мен білім беру саласындағы саяси өзгерістерге, яғни жалпы білім беру тәрбиесіне қызығушылық танытпайтың жай тұрпайы мұғалімдік қызметті атқаратың оқытушылар шығарылуда. Қазіргі жағдайдағы білім берудің мақсаты белгілі диллеманың шеңберінде анықталады ма: білім беру – бұл білімдер мен мәдени қызметтердің жиынтығы деген? Бұл сұраққа қоғамдағы ұйымдасқан әлеуметтік қызметтің негізгі алгоритміне айналған жауапты ұсынуға болады. Яғни БТД -“білім-тапқырлық-дағды”- деп, аталатын жүйе социумға жат еріктегі айтқаның орындаушы болған кезде ғана жүзеге асып, субъект-объект парадигмасындағы қоғамның әдеуметтік өзін өзі ұйымдастыруна біршама сәйкес келеді. Бұдан келіп шығатын нәтиже білімнің көлемі, тапқырлықтың сыйпаты және дағдылардың жиынтығы оқушының өз бетімен қызығушылық танытуынан келіп шықпайды, білім берудегі шенеуниктердің тарапынан келіп туады. Осы кезенде білім беру сатысының ең төменінде орналасушы объект ретіндегі көрініске ие болса, ал жоғарғы сатысын иеленуші автоматты түрде субъектіге айналатындығына күмән жоқ. Бүгінгі танда, нарықтық қатынастын беделі үстем болып тұрған шақта қызметтегі қабілетке деген тапсырыс, біздің көзқарасымызша барлық білім беру жүйесінің дамуы бақытын анықтауы тиіс. Соңымен қатар ол орын алып жатырған сыртқы және ішкі сұраныстардың байланыстарын реттеп, пайда болған сұрақтарды шешіп отыруы тиіс. Сондықтанда осы мәселелер қазіргі педагогикалық технологиялармен оларды жаңаша өңдеу барысындағы мәселелерді шешуге ат салысуы қажет. Бүгінгі уақытта барлық білім беру жүйесін қайта бағалап шығу міңдеті тұр, яғни құлдық ұрып басқаның жетегінен жүре беру емес, кез келген жағдайға өзін өзі ұйымдастыра алатын, көзі қырағы, қабілетке ие адамды дайындау. Қанға сіңген түсінік бойынша, білім беру – бұл, күмәнсіз, жүйе. Оқу ошақтарының (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі, бір бірінен денгейіне және профилдеріне қарап бөлінеді. Бір жағынан, білім беру жүйесі білім беру ортасына қарай әлеуметтік экономикалық өзгерістерге төселіп икемделуі тиіс болса, екінші жағынан , — өзінің психологиялық – педогоикалық негізін мүмкіндігінше сақтауы қажет. Мына мәселені, яғни білім беру сферасы ғаламдық білім беру шенберінің аясында өрбуін естен шығармау керек. Бұл негізінен қызмет көрсетіп отырған кез келген жүйе өз мүмкіндігі шектелгенде, тұтас жүйенің ішінен өзінің байланысы арқылы ары қарай өмір сүруін жалғастыруы. Білім берудің сапасына үнілер болсақ – бұл тек құндылық, жүйе немесе процесс қана емес. Бұл – мемлекет, қоғам және тұлғаның барлық құндылықтарының білім беру процесінде мағынаға ие болатын жемісі, яғни эконмикалық, адамгершілік, парасаттылық денгейінің көрінер айнасы болмақ. Алдағы тұрған мақсат еліміздегі, әлеміміздегі барлық адамдардың материалдық-рухани манызды құндылықтарына талдау жасай отырып, білім берудің денгейін көтеру үшін барлық пән аралық мәселелердің кешенің қайта өндеу керектігі. Бұл міндет өз шешімін өркениеттің масштабында жүзеге асырады. Оның қажеттілігі күннен күнге арта түсуде. Білім беру жүйесінің шынайылығын мойындап, халықтардың рухани, мәдени және діли құндылықтарын, экономикалық бәсеке қабілеттілігін ескере отырып, әлем болып бірлескенде ғана кез келген ел терезесі тең денгейде өмір сүреді. Педагогикалық білім беру, өзін өзі оқыту және педагогтардың сапасын арттырудың барлық жүйесі сол оқу орнында және сол қоғамда орын алып отырған әлеуметтік экономикалық жағдайдан көш бойы озық тұруы қажет. Оны себебі мынада, барлық білім берудің буыны, барлық білім берудің практикасы болашаққа, дамуға қызмет етеді, демек, дайындау жүйесі педагогтардың сапасын арттыру олардан әлде қайда биік тұруы тиіс.