Білім беругеқатысты теориялық көзқарастар Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс институттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім саласына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар.Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер – барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.
Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Құрылымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байланысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
Конфликт теориясы: білім және теңсіздіктің таралуы Конфликтология теорияшылары құрылымдық-функцоналистердің білім саласы мәдениетті қалыптастырады, студенттерді сұрыптайды және жастарды әлеуметтендіреді деген пікірімен келіседі, бірақ бұл функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшылары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап қалатынына мән береді.
Білім - капитализм құралы Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың негізінде жатқан астыртын бағдарлама бар деп санайды. Мемлекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді,ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл дағдылардың барлығы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды. Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артықшылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшылары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жастарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді.