1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет5/50
Дата06.12.2022
өлшемі153,37 Kb.
#55350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта

Огюст Конт (1798-1857) Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы болды Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. Негізгі еңбектері: «Позитивтік философия курсы», «Позитивистік катехезис», «Позитивтік философия рухы туралы талдау» және т.б.1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интелектуальды ақыл-ойының - санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Позитивтік сатыда адам құбылыс, процестердің , заттардың абстрактылымәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды. Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді. Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.
Герберт Спенсер (1820-1903) Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқаұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады. Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет