Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағыт, хонда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы ретінде саналды.Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батыс европалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды.

Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық балды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды.
Шіркеу- мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды.
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Әлдебір нәрседен әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Апологетиканың мақсаты – ақыл- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, схондай-ақ басқа діндерге талдау.