1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет9/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни қандай да бір түсіндірменің дұрыс я бұрыстығын деректер арқылы анықтау жолдары болуы тиіс. Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі ақ нәсілділер жақсы жұмысқа лайық» деген пікірді сынап көру мүмкін емес, алайда «ақнәсілділер жақсы жұмысқа афроамерикалықтарға қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.
Айнымалы шамаларды түсіну. Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалымдар адамдарға емес, айнымалы шамаларға зер салады. Айнымалы шамалар адамдар, жағдайлар я топтар арасында әркелкі болып келеді (Бабби, 2010). Егер афроамерикалықтар мен ақ нәсілділер арасындағы жұмыссыздық деңгейін талдағымыз келсе, нәсіл және жұмыссыздық деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек. Бұл айнымалы екі шаманың себеп-салдарлық байланысына болжам жасаған кезде, себеп - тәуелсіз айнымалы шама, ал салдар - тәуелді айнымалы шама болады. Біздің мысалда: нәсіл - тәуелсіз айнымалы шама, ал жұмыссыздық - тәуелді айнымалы шама, яғни біз жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз. Айнымалы шамаларды анықтау. Ерекшелікті сипаттап, гипотезаны тексеру үшін әрбір айнымалы шама дәл анықталуы тиіс. Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыздық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұмыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады, ал айнымалы мәнді пайдалану үшін қолданылатын нақты анықтама оның операциялық анықтамасы болып табылады. Осы анықтамалар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ үкіметі белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ таба алмай жүрген адамдарды «жұмыссыз» деп атайды.
Ақпаратты жинау әдістері
Эксперимент дегеніміз - себеп-салдар теорияларын сынау үшін тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін әдіс. Эксперимент - себеп пен салдар туралы гипотезаны сынаудың тамаша тәсілі. Алайда оның үш кемшілігі бар. Біріншіден, адамдарға зиянын тигізетін болса ондай экспериментті жүргізу адамгершілікке жатпайды. Мысалы, студенттерден күн сайын ішімдік ішуді талап етсек олардың үлгерімі нашарлауы мүмкін немесе сол эксперименттің кесірінен маскүнем болып кетуі ықтимал. Екіншіден, эксперимент жасаған кезде субъектілер көбіне басқаша әрекет етеді. Мәселен, әдетте алкогольді ішімдік ішу студенттің үлгерімін төмендетуі мүмкін болса да экспериментке қатысушылар зерттеушілердің өздері туралы дерек жинап жатқанын білетіндіктен жоғары баға алу үшін қосымша дайындалып жүруі мүмкін. Оның үстіне, эксперимент тым жасанды ортада өткізіледі. Сондықтан эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп жалпыландыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет