1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет1/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà


1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе
Жоспар:
1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял
2.Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық
3.Əлеуметтік институттар
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы түста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен
Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сон-
дай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды.
Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп
үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін
ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға бола-
тынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп
жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің
құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец
әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсіну-
ді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеумет-
тік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік,
ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема,
жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені
біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның
түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы,
Миллс былай деп жазады:
100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл -
оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның
мінез-құлқын, оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50
миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ
(қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше
алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема
дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке
басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның эко-
номикалықжәне саяси институтгарын қарастыруталап етіледі Әлеуметтік қиял - әлеуметтанудың басты бағыты, ол - өз өміріміз
бен басқа адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті. Осы қиялды дамытқаннан кейін жеке мінез-құ-
лық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз.
Оның орнына біз әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қа-
лай эсер ететінін қарастырамыз. Сол сияқты, әлеуметтік проблемалар-
ды шешу үшін жеке тұлгаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды
да өзгерту керек екенін түсінеміз. Кедейлік, ажырасу және нәсілшіл-
дік жеке адамдардың басындағы ауыртпалық болғанымен, бұл проб-
лемаларды жеке адамдарға көмектесу арқылы жоюға немесе шешуге
болмайды. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға
басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады.
Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ»,
немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді.
Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтай-
ды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеу-
меттік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен
бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет