«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз.Аталған факторлардың күрделі бөлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді.
Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін сатып алуға мүмкіндік береді.
Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның меншігі – оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті. Адамның интеллектуалды меншігі – оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми еңбектері.
Адамның жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б.
Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының (ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы жасалады.
Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі – адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады, тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде тұтынады.
Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге қатысады.
Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі бағыты – мемлекеттік кешендерді басқаруды демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын арттыру.
Екінші бағыты – еңбек жағдайын ізгіліктендіру, еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне тікелей байланысты.
Өндірістегі адамның орны қандай болмақ? Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция ой еңбегінің, адамның жағдайды бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады.Жаңа техника мен технология адам қабілетінің артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады, сонымен қатар еңбекке қатаң талап та қояды.Тұтыну қатынасындағы адам. Адам-тұтынушы. Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен қатынасқа түседі.
Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін қалай қолдану керектігін білуі қажет.