«Тұлға», «индивид», «жекелік» сөздеріне психологиялық тұрғыдан ашыңыз.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл Мухаммад Хайдар Дуглат Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі.«Индивид» ұғымы адамды басқа адамдар арасында жеке тұлға ретінде белгілеу үшін қолданылады. Индивид-Адам, табиғаттың жалқы жан иесі, Homo sapiens түрінің өкілі. Индивид түсінігінің өзі адамның адамзаттық түрімен бірлікте екенін керсетеді. Жекелік -адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.
2.Балалар ұжымындғы бейімделуді өткізуге тәрбиешіге көмек нұсқаулықты әзірлеңіз.
№ 6 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ
1.Психология іс-әрекеті,адам іс-әрекетінің негізгі формаларының ерекше құрылымы туралы жалпы түсінікті ашып көрсетіңіз..