Ұлттық ҚҰндылықтар арқылы тәрбие беру



Дата15.12.2023
өлшемі53,99 Kb.
#138513
Байланысты:
баяндама "Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру"


Аты- жөні: Оралбаева Динара Абилкаировна


Мекен- жайы: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный селосы
Жұмыс орны: Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының


арасында өз ұлты үшін қызмет
қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы
сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев

Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.
Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Ал жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға.

Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты.


Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып, бірте-бірте қорланып, бай тәжірибемен кемелдене келе «Халық айтса, қалт айтпайтын» кемістіксіз, ақаусыз дәрежеге жеткен. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандардан жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр.
Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле,-деп бабаларымыз айтқандай халық педагогикасы баланың тәрбиесі туып-өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Баланың қалай өсетіні: ары бар, адал да, жер бетіндегі жақсылық атаулы үшін күрескер болып шығатыны немесе керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан -ашық зұлым адам болып шығатыны көп ретте мұғалімнің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты. Сонымен бірге балаға ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту-мұғалімнің басты міндеті.
«Достық түбі - адалдық», «Әдептілік - тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаттарында баланы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып, сәлемдесудің маңыздылығын ұғындырдым.
«Ислам дінінің тәлім - тәрбиелері» деген тәрбие сағатымда туысқандық, бауырмалдық қасиетін дамытуға ықпал жасадым дей аламын. Сондай-ақ «Армысын әз, Наурыз» атты тәрбие сағатында халқымыздың қонақжайлылығын насихаттай отырып, қазақ елінің салт -дәстүрі, ұлттық тағамдары, киімдері ерекшеліктері бар екендігін оқушыларға ұғындырдым.
Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына қанып өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп қалыптасады.
Жөргегінен бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, көңіл бөлген халқымыз осы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы адамды аздырып – тоздыратын: өсек, өтірік, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ секілді мінездерден сақтандырып келген.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бұл күнде ойынды халық педагогикасының құралды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Себебі ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай,оның ақыл-ойының толысуына, есейіп-өсуіне де пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, сондай-ақ күш-қуат молдығын, дененің шынығуын қажет етеді. Ойын- тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы, яғни ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде, тұрмыста да пайдаланудың заманымызға сай тұлға тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Халықтық педагогиканың құндылығы сол – халық қазынасының азығын ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы етіп пайдалана білсек қателеспейміз. Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына ұстаз тәлімі арқылы да дарытылып, сіңірілуі керек.
Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді.Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Олай болса, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер баламен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор деп білем

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет