1.Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз?


Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз



бет2/5
Дата18.11.2023
өлшемі28,21 Kb.
#124512
1   2   3   4   5
7. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А)Өнер кәсіп, балық шаруашылығы
В)Ала жаздай, ал қызыл
С)Ат жақты, көк жөтел
Д)Түйе құс, көк жөтел
Е)Сая жай, оқта текте


8-12 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі]


8.Неологизм сөзді зерттейтін тіл білімінің саласы?
А) Лексика
B) Синтаксис
C) Фразеологизм
D) Морфология.
E) Фонетика

9.Диалекет сөз қатысқан сөйлем.
А) Сабақта глобус қолданамыз.
B) Қоламтаны оттықпен тұтаттым
C) Қызанақ-денсаулыққа пайдалы көкөніс.
D)Әуежайға барып, Алмытыға ұшпақ.
E) Параққа қанатты сөздер жазылған.

10.Эвфемизм сөздер қатарын белгілеңіз?
А) Құлағының мүкісі бар, аузы жеңіл, аяғын сылтып басады
B) Соқыр, ақсақ, мылжың
C) Ерке қыз, Еркем, Шырайлым
D)Өтірікші, саңырау, керең
E) Жасыл, қорасан, ұлыма


11.Кәсіби сөздер қатары
А) Кешен, мұражай, елтаңба
B) Жұрнақ, жалғау, түбір
C) леген, ожау, бақыраш
D) төлқұжат, мүсәтір, әмбебап
E) шербек, атауыш, пышқы


12 «Қоян» сөзінің құрамында қанша әріп, қанша дыбыс бар?
А) 5 дыбыс, 4 әріп
B) 5 дыбыс, 5 әріп
C) 4 дыбыс, 4 әріп
D) 4 дыбыс, 5әріп
E) 6 дыбыс, 4 әріп


13-15-тапсырмалар [Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі]


Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Мәтін
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ата-бабамыз айтып кеткендей: Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық, - демекші, денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек . Сондықтан әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтауымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет