1-2СОӨЖ:Әулет дәстүрі.Отбасы құндылықтары.
Тапсырма:1. «Әулет дәстүрін сақтаудың маңызы»дөңгелек үстел.
1.-Әулеттің қалыптасқан жалпы дәстүрі туралы баяндау;
Ата дәстүрін ардақтау - қазақи тәлім тәрбие мен ұлттық дәстүріміздің соқты кезге дейін қағаз бетіне түспей келген ақтақдақтары. Осындай асыл дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау.
Үлкенді сыйлау - бұл имандылық пен адамгершіліктің іргетасы. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде ол - ұлттық дәстүрдің басты өлшемі. Сондықтан, отбасында, бала бақшасында, мектепте, қоғамдық орындарда осы дәстүрді сақтау, оны қастерлеу әрбір адамның міндетті түрде орындайтын парызы. Мұны сақтай алмаған адам «адамгершіліктен» айрылған ие одан безген адам болады. Ертеректе мұндайларды қадірлі ақсақалдар мен ел жақсылары тиісті жазасын тартқызып, тезге салып отырған.
-өз әулетіңде қалыптасқан дәстүр қырлары;
Біздің әулетте үлкенді сыйлау дәстүрі, яғни үлкен кісі сөйлегенде әңгімесін бөлмеу,тамақтанар алдында барлығы дастарқан алдына жиналғанда үлкен кісінің бастауы , бұнығ барлығы біздің әулетте бар.Одан бөлек біздің әулетте келіннің сәлем салу дәстүрі,орамал тағы жәнеде тағы басқа дәстүрлер сақталып келе жатыр.
-дәстүрді сақтаудың маңызы мен пайдасын анықтап көрсету.
Отбасылық дәстүрлерді сақтаудың адам үшін пайдасы:
Бірлік,қуаныш,береке,ынтымақтық,татулық,сыйластық,ата-бабадан қалған мұра,сүйіспеншілік,жауапкершілік,мейрімділік.
2.Кластер құру: «Біздің әулет»-сызба бойынша баяндау.
Тамақты үлкен бастамағанша бастамау
Қонақты жылы қарсы алу
Сәлем салу
Ерулік беру
Келген қонаққа міндетті түрде ас беру
Үлкенді сыйлау
Біздің Әулет
3-4 СОӨЖ.Өзара түсіністік пен сыйластық.Қамқорлық ережелері.
Тапсырма:
«Ата-ана – сенімді досымыз»пікірталасқа қатысу.
-ұсынылған пікірлермен танысу;
-тақырыпқа сәйкестігін анықтау;
-өз пікірін білдіру,қорғау,дәлелдеу.
Ата-ана - сенімді досымыз деген пікірге мен жүз пайыз қосыламын.Себебі сен ауыр жағдайға түскенде ең бірінші жаныңнан табылатын адам ол сенің ата-анаң.Ата-анаң ол сенің жанашырың.Біз қанша жасқа келсекте ата-анамыз үшін біз сол баяғы кішкентай баламыз.Ата-анаң сені ешқашан ауыр жағдайда қалдырмайды.Саған әрқашан жақсы,тура жол көрсететін адамдар.Сен оларға қанша ауыр сөздер айтсаңда олар сенің жаныңда болады.
5-6 СОӨЖ.Неке дегеніміз не?Отбасын неше жаста құру керек?
Тапсырма:
1.«Отбасын кұру оңай ма?»дебат құру
-қарсы аргументтер келтіру,аргументтерді тыңдау,негізгі ойда;
-аргументті құру,айғақтарды келтіру,сілтеме жасау.
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан жайы бар. Бұған көп жағдайда қызды өз еркінен тыс алып қашу немесе олардың аяғының ауырлап қалуы себеп болып отыр.
Осындай жағдайлардан кейін ешкімге ауыртпалық түсірмей, өз аяқтарына тұрған кезде үй болған дұрыс. Сондықтан жастар құр нәпсіге еліктеп, сезімге беріліп үйлене салмай немесе еріксіз алып қашпай, бәрін ой елегінен өткізіп алған жөн. Оның үстіне отбасын құратын жандар отбасылық жауапкершіліктің де қандай екенін, ер мен әйелге жүктелген міндеттерді де ұғып алмайынша үйленуге асықпағаны дұрыс. Бұл жерде ең алдымен ата-ана тәрбиесінің рөлі зор. Балаларының тәрбиесіне тікелей ата-ана жауап беруі керек. Үйленген екі жастың ата-аналары екі жақтан да тәрбие берген кезде ғана неке сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |