1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


Алаш және Түркістан (Қоқан) автономияларын мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру әрекеті ретінде сипаттаңыз



бет10/37
Дата18.06.2022
өлшемі242,77 Kb.
#37019
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
11 сынып билет жауаптары Асанбекова Г С

39. Алаш және Түркістан (Қоқан) автономияларын мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру әрекеті ретінде сипаттаңыз.
XIX ғасырдың соңынан бастап қазақ халқының ұлт-азаттық күресі жаңа кезеңге өтті. Бір жағынан, бұрынғыша отаршылдыққа тиімді тәртіптерді қалпына келтіру үшін халықтық наразылықтар (1916 жылғы көтеріліс) болып жатты. Екінші жағынан, наразылық қозғалысы жаңа идеялық-саяси мазмұнға ие болды. "Алаш" көшбасшылары қазақ этносының ұлт болып бірігуі және демократиялық Ресей құрамында автономия түріндегі қазақ мемлекеттілігін құру үшін күресті. Қоқан автономиясы жеңілісінің негізгі себебі Түркістан халқының арасында дәстүрлі дүниетанымның үстемдік етуіне орай оның либерал-демократиялық және пантуркизм бағдарламасының утопиялылығы еді. Ал Алаш идеялары неғұрлым шындыққа жақын болды және Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты ықпал етті.
40. XVIII – XX ғғ. басында Қазақстан халқының этникалық құрамын өзгерту үдерісіндегі негізгі этникалық топтарды сипаттаңыз.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады. 1897 жылы Қазақстан аумағында 4 млн-нан астам адам өмір сүрді, олардың 81,7%-ын қазақтар құрады. Тұрғындардың қалған бөлігі казактар және қоныс аударушы шаруалар, ұйғыр, дүнген, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдерінен тұрды. Қоныс аударушылардың едәуір бөлігі Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында келді.
Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары шегарадағы әскерлерді, сондай-ақ Колыванов-Воскресенск зауыттарында, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді.Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды.Татар көпестері Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты белсенділігін күшейте түсті және т.б.
41. Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.
Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың 60- жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.
Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет