Тексерген: Муханбетчина А. Г. Орал, 2022 жыл Қазақстанда басқару психологиясының даму тарихы



Дата19.12.2022
өлшемі80,54 Kb.
#58323
Байланысты:
БП МӨЖ №2


М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


МАГИСТРАНТТЫҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстанда басқару психологиясының қалыптасуы


Дайындаған: Алданазарова А.А.
МКЯЛ-11
Тексерген: Муханбетчина А.Г.

Орал, 2022 жыл
1. Қазақстанда басқару психологиясының даму тарихы
2. Қазақстанда қазіргі басқару психологиясының қалыптасуы

Басқару –бұл адамға белгілі бір өкілеттілікті, берілген билікті пайдалануға мүмкіндік беретін қызмет. Адамдар бар жерде басқару жұмысы болмаса, іс алға баспайды. Басқару мәселесі қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ел бастаған ақылгөй даналарын ежелден-ақ ойландырған күрделі мәселелердің бірі. Әрине, басқару басшыдан білімділікті, тәжірибені, ғаламдық деңгейдегі асқан көрегендікті, алдын -ала болжай білу қабілетін талап етеді. Бұл туралы еліміздің тарихында «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» басқару ісінде сол кездегі ел өміріндегі мәселелерді шешуде адамгершілікке негізделген ұстанымдарды ту еткен. Бұл қазақ халқының басқару ісінде ежелден әділеттілікке, адамның құқын қорғауға, оның қақын жемеуге, өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға үйреткенін көрсетеді.Кеңестік дәуірде басқару қызметінің теориялық мәселелері моральдық кодекске негізделді.1991 жылы тәуелсіз, дербес мемлекет болуының арқасында қазақ халқы басқару саласында қол жеткен әлемдік жетістіктерге сүйене отырып, өз басқару психологиясын қалыптастыруда.Қазақстан Республикасының Конституциясында басқару ісінің 3 тармағы және олардың міндеттері нақты көрсетілген.Басқару психологиясының заңнамалық, құқықтық-нормативтік негізі Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын іске асыруға бағытталған 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған No453-I Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы және 2005 жылғы 3 мамырдағы No1567 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-ұждан кодексі туралы» Жарлығы. Заңдылық және билік пен халық арасындағы байланысты нығайту-мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Заңдылық -легитимность тұжырымдамасы Үкімет пен құқық арасындағы өзара әрекетті қамтиды. Ол мемлекеттің өкілеттігін айқындайды, яғни мемлекетке өз азаматтарына билік жүргізу құқын және осы билік дұрыс жүзеге асатындай дәрежеде мойындау құқын береді. Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың ұйым жұмысына, оның ішінде қаржылық жағдайы туралы құжаттарға, орындалып жатқан бағдарламалар мен жобалар және өткізіліп жатқан тендерлерге қатысты ақпараттың тиімділігін арттырып, азаматтардың қоғам өміріне белсене араласуы үшін ұйымның жұмысы жайлы ақпараттың құпия болмауы, яғни транспаренттілік талап етіледі.


Жергілікті өзін-өзі басқару ежелден-ақ қазақ қоғамына жат түсінік емес екені даусыз. Қазақтарда жергілікті өзін-өзі басқарудың тамыры, өзге де көптеген ұлттардағы сияқты, көшпелі тәртіп қалыптасқан кезде туындаған рулық және тайпалық қоғамдастық орын алған заманда жатыр. Ру старшиналары мен тайпа басшылары құрылтайлар мен көшпелілер жиналысында сайланды. Олар дауларды шешу, әскерлерді бөлуді қалыптастыру мен басқару өкілеттіктерімен бөлінген, рулық қауымдастықтар кең автономия мен үлкен салмаққа ие болды.
Н.С.Ахметова бұл туралы «көшпелі қазақ халқында қоғамдық қатынастарды реттеу, жүйелеу және басқару өзіндік түрде жүзеге асты» деген пікірде. Адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеп, басқару қызметтің жеке саласы, мемлекет функциясы ретінде қалыптасқан жоқ, күзет жұмыстары мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету арнайы органдар әрекетіне негізделген жоқ. Қоғамдық тәртіп, қарапайым құқық нормаларының сақталуы «автономдыққа», көшпелі ұжымның өз бетінше, өзін-өзі басқаруына негізделді.
Көптеген авторлар Қазақстандағы өзін-өзі басқару өзінің белгілі бір қалыптасу тәжірибесін Қазақ хандығының өмір сүре бастаған кезінен, яғни кеңес кезінде Ресей империясының құрамында болған кезден бастап алады деген пікірде.
Бұған мысал ретінде өзін-өзі басқару бастамасы кең талданған Тәуке ханның мемлекетінің ұйымдастырылу жүйесін нақты зерттеген
С.Өзбекұлының монографиясын келтіреді.
З.Ж.Кенжалиев бұл туралы өз еңбектерінде: «Патша өкіметі қазақ даласын әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлу кезінде көшпелілердің рулықтайпалық құрамына сүйенді (ауыл, болыс, округ). Орта жүз қазақтарын билеуді жетілдіру мақсатымен жергілікті басқару органдарын құру кезінде де патша өкіметі қалыптасқан әдет-ғұрып құқығы нормаларын тиімді пайдалануға күш салды. Округ, болыс басшылығына тек төре тұқымынан шыққандар ғана келе алады деген желеумен, сұлтандардың бұрыннан келе жатқан әлеуметтік артықшылықтарын бекітті», — деп жазады.
Қазақстан Ресей құрамына енген соң хан әкімшілігі өлкелерді тиімді басқару мақсатымен округтік приказдардың аға сұлтандары мен облыс басқармаларының, ауылдық старшындардың, сонымен қатар шектеулі юрисдикциямен билер сотының белгілі өкілдерін сайлау түріндегі жергілікті өзін-өзі басқару элементтерін енгізуге тырысты. Кейбір жергілікті мәселелерді шешу мақсатымен ауылдық және болыстық жиналыстар өткізілді.
Тарихи фактілерді талдау процесінде көптеген зерттеушілер Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың келесідей даму кезеңдерін көрсетеді:

  • революцияға дейінгі;

  • жалпы кеңестік;

  • қазіргі, оны шартты түрде кеңестік кезеңдегі және демократиялық деп бөлуге болады.

Кейбір зерттеушілер жергілікті өзін-өзі басқарудың тарихи-құқықтық тәжірибесін ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басына жүйелеп, жергілікті өзін — өзі басқарудың 5 кезеңін бөліп көрсетеді:

  • бірінші кезең — 1864–1889 жж. аралығы;

  • - екінші — 1890–1917 жж.;

  • - үшінші — 1918–1989 жж.;

  • төртінші — 1990–1995 жылдың қыркүйегіне дейін;

  • бесінші — 1995 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезеңге дейін .

  • соңғы жылдардағы жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселеге айналуына байланысты, 6-шы, яғни «қазіргі», кезеңді қосуға болады.

Бүгінгі таңда бізде жергілікті басқаруды реттейтін бір ғана заң бар, ол — 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы.
Еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі сонымен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, жыл сайынғы Президенттің халыққа жолдауларында да маңызды міндеттердің бірі ретінде аталып кетеді.
2007 жыл еліміз үшін саяси жүйені одан әрі дамытудағы айқындаушы кезең болды. Бұл уақыт аралығында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен жүргізілген соңғы конституциялық реформалар еліміздің саяси даму тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі болды. Соңғы конституциялық жаңарулар Парламенттің, мәслихаттардың қоғамдағы рөлін арттырумен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне де тың өзгерістер алып келді.
Енді жергілікті өзін-өзі басқаруды мәслихаттар мен халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асырады. Конституцияда көрініс тапқан ережеге сәйкес, елімізде жергілікті басқарудың негізі мәслихаттар болып табылады. Мәслихаттар құрылмайтын өзге жергілікті қауымдастықтарда жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылады. Мұндай жергілікті қауымдастықтар ауылдар, селолар, қаладағы аудандар болуы мүмкін.
Сондай-ақ кейінгі конституциялық өзгерістерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі де қарастырылды, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдары заңмен шектелмеген жағдайларда мемлекеттік функцияларды да жүзеге асыруы мүмкін.
Зерттеушілердің пікірінше, біздің еліміздің басшылығының саяси еркін орталықсыздандыру қағидасының сәтті жүруін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылуының басты факторы ретінде сануға болады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау мен жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылуы — бұл маңызы жағынан ұлттық қауіпсіздік немесе азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына әсер ететін экономикалық өсуден төмен емес мемлекеттің құрылуының басты элементі. Сол себепті бұл мәселедегі саяси ерік мемлекеттік саясаттың өзге де маңызды сұрақтарын шешудегі еріктермен қатар келуі тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтының енгізілуі мемлекеттік органдармен ертерек шешіліп қойған жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге азаматтардың да қатыстырылуын анағұрлым күшейтуге мүмкіндік береді, сонысымен де тұрғындардың белсенділігін көтереді. Басқарудың тиімділігі пропорционалды түрде тікелей биліктің халыққа қаншалықты жақындығынан тәуелді.
Біздің еліміздегі қазіргі таңдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму процесі бастапқы сатыда тұр. Жергілікті өзін-өзі басқару — биліктің халыққа ең жақын бұтағы. Оның қалыптасуына қатыса отырып, адамдар мен азаматтар демократияға, заңды тыңдауға, туындаған мәселелерін заң шегінде өз бетінше тиімді шешудің формаларын іздеуге үйренеді. Көптеген зерттеушілер еліміздегі осы мәселені шешудегі міндетті қадамның бірі жергілікті өзін-өзі басқару туралы нормативті акт қабылдау екенін алға тартады. Шын мәнінде де, жергілікті өзін-өзі басқаруды нақты, толыққанды реттейтін және оны еліміздегі жергілікті жердегі басқару жүйесінің бір тармағы ретінде танытатын заңды негіздің болмауы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму процесінің жүруін баяулатады.
Қоғамды демократияландырудың, сәйкесінше конституциялық реформаның маңызды шарттарының бірі мен нақты мақсаты болып, сөзсіз, азаматтық қоғамның қалыптасуы табылады. Бұл мағынада, Конституцияға енгізілген өзгерістер озық сапасымен анағұрлым ерекшеленеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару институты оның өкілдеріне мемлекетті басқаруға және азаматтық қоғамға деген белгілі қадам болып табылатын, үкіметтік емес өзге де қоғамдық ұйымдармен әріптестіктің кеңеюіне кең мүмкіндік береді.
Қазақстан көптеген халықаралық саяси институттар мен процестердің мүшесі болып табылады.
Қазіргі таңда мемлекеттік биліктің орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы — Қазақстандағы демократиялық реформалардың маңызды бөлігі.
Тұрғындардың тұрмыстық әрекеттерінің маңызды мәселелерін шешудегі белсенділіктерін көтере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару қоғамның дамуына өзіндік қозғалыстың қосымша ішкі стимулдарын беруге, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге қабілетті.
Қазақстандық қоғамның саяси жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару институтының жағдайы келесімен анықталады, яғни бұл биліктің тұрғындарға анағұрлым жақын деңгейі, олармен құрылады және тұрғындардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін шеше отырып, оларға тікелей бағынышты. Сонымен бірге рационалды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді қолдануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті шешуге, халықтың билікке деген сенімін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың модельдері бір ел шегінде де жергілікті дәстүрлер мен мәдениетке, экономикалық және жергілікті қоғамдастықтың тұрмысына әсер ететін өзге де жағдайларға тәуелді түрде дамиды. Бұған байланысты жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде жергілікті ерекшеліктер есебімен және жоғарғы сатыдағы шенеуніктерге емес, жергілікті тұрғындарға жақсы таныс жергілікті қажеттіліктерге сәйкес жүзеге асырылады. Сол себепті жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғам мен өзін-өзі ұйымдастырудың элементтері бар қоғамда тиімді болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Панасюк В.Ю. Управленческое общение: практические советы. М., 2010 г.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017ж.

  3. Корпоративті басқару: қазақстандық мазмұн. Оқу құралы. С.А. Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж., 302 б.

  4. Корпоративтік этика. Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10 қазанындағы (№32 хаттама) шешімімен «СҚ-Фармация» ЖШС

Корпоративтік этика кодексі бекітілді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет