18. «Жәдидшілдік», «пантүркизм» терминдеріне анықтама беріңіз. «Жәдидшілдік»- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясындағы мұсылмандар арасындағы қоғамдық-саяси, ағартушылық, рефоромашылық қозғалыс.
«Пантюркизм»-түркі халықтары мекендеген мемлекеттерде тараған мәдени және саяси ағым. Оның негізінде түркілердің этникалық, мәдени және тілдік ортақтығы ретінде саяси топтасу қажеттігі туралы идеялар. ХІХ ғасырдың соңында пайда болды.
19. «Тоталитаризм», «демократия» терминдеріне анықтама беріңіз. «Тоталитаризм»-мемлекеттің қоғам мен адам өмірінің барлық жақтарына толық (төтенше) бақылау жасауына ұмтылатын саяси режім.
«Демократия»-мемлекет саяси құрылысының түрі. Бұл кезде халық биліктің заңдық және атқарушылық функцияларын тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге асады.
20. «Интеграция», «жаһандану» терминдеріне анықтама беріңіз.
Интеграция- келісілген мемлекетаралық экономика мен саясат негізінде ұлттық шаруашылық жүйелердің жақындасу және кірігу үдерісі.
Жаһандану- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі болып табылады.
21. «Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз. Монархия-билік нысаны, бұл кезде мемлекеттегі билік бір, әдетте мұрагерлікпен берілетін билеушіге тиісті болады.
Республика- мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда мемлекеттік биліктің барлық органдары не белгілі бір мерзімге сайланады, не өкілдік мекемелерімен қалыптастырылады. Ал азаматтар жеке және саяси құқықтарды иеленеді. Республика басшысы лауазымы да сайланбалы болып табылады және мұрагерлікке берілмейді (монархиядан айырмашылығы). Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот болып бөлінеді.
22. «Отар», «протекторат» терминдеріне анықтама беріңіз. Отар-шет мемлекеттің (метрополиясының) билігіндегі, дербес саяси және экономикалық билігі жоқ, тәуелді аймақ.
Протекторат-мемлекетаралық қатынастар түрі. Мұнда бір ел ішкі істерінде автономиялылығын және өз билеуші әулетін сақтай отырып, халықаралық қатынастарда басқа елдің өзінен жоғары екендігін мойындайды.