23. «Репрессия», «ақталу» терминдеріне анықтама беріңіз. Репрессия- бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді).
Ақталу- әділетсіз сотталғандарды қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жауапкершіліктен босату және олардың саяси құқықтарын қалпына келтіру, орынсыз тағылған айыптан ақтап шығару.
24. «Ру», «жүз» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз.
Ру-рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.
Жүз-қазақтардың құрамындағы қосымша этникалық этноаумақтық бірлестік (тайпалар одағы). Қазақ тарихында Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз ұғымдары бар.
25. «Материалдық мәдениет», «рухани мәдениет» терминдеріне анықтама беріңіз. Материалдық мәдениет-баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ және т.б.
Рухани мәдениет – білімдер мен дүниетанымдық идеялар жүйесі, ол әдеби, көркем, сәулет және өзге де ескерткіштерден көрініс табады.
26. «Антропогенез», «этногенез» терминдеріне анықтама беріңіз. Антропогонез-түр ретінде адамның шығу тегі, адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы; палеоантропология пәні.
Этногенез-этностың шығу тегі, этникалық тарихы, этностың пайда болуының тарихи үдерісі.
27. «Репатриация», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз. Репатриация-тарихи отандастардың отанына қайтуы
Депортация -халықты күшпен қоныс аударту. (лат.-қуу)-1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
28. Дәстүрлі (аграрлық) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» терминдеріне анықтама беріңіз. Дәстүрлі экономика- сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.
Жоспарлы экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.