1."Инклюзивті білім беру" терминіне жан жақты талдау жасау


Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері



бет2/5
Дата08.12.2023
өлшемі23,65 Kb.
#134887
1   2   3   4   5
Байланысты:
тапсырма 1

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:
жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
-барлық балаға бірдей қарым-қатынас;
Балалар арасында дискриминация болдырмау;
-арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
-Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
-Қоғамның көзқарасын өзгерту
-Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
-Толық білім алуды ұйымдастыру
-Қоршаған ортаға бейімдеу
-Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
-Өз өзіне сенімін арттыру
-Кедергісіз аймақ
2.Қазақстандық және Халықаралық Заңнамаларына аналитикалық талдау жасау

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.

Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді.

Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет