Шығармашылығы Мұхтар Мағауинның шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа үмтылғанын байқау қиын емес. Шығармаларында қайталану жоқ, әсіресе соңғы жылдары бүрынғы дүниелеріне мүлдем үқсамайтын, қурылымы жағынан өзгеше шығармалары қыпшақаруың, қүмырсқа қыргын. Жакын арада Чехия Республикасынан жарық көрген Жармақ — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне қүрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Аласапыран тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық Түркі дүниесіне қызмет сыйлығының сахибы.
Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды («Қобыз сарыны» монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанырда. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, «Тазының өлімі» (1969), «Бір атаның балалары» (1973), «Көкбалақ» (1978), «Жүйріктің тағдыры» (1979), «Шақан-Шері» (1984) т.б повестерінің, «Көк мұнар» романы (1971) мен «Аласапыран» роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған. 1984 жылы М.Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. М.Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы советінің председателі. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, аса талантты жазушы, біртуар тұлға. Жазушы өзінің шығармаларында адам өмірін, олардың салт-дәстүрлері мен арман-тілектерінің қайталанбас тарихи көрінісін береді. 1997 жылы ол түркі елінің ең таңдаулы жазушылар қатарынан танылып, Түркия жазушылар мен өнер қайраткерлері Қорының «Түркі әлеміндегі еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Халықтар Достығының маңыздылығы шағын болса да, терең ойлы «Бір атаның балалары» повесінде тағы да дәлелін тапты. Осы повесть қаһарлы әскери балалық шақ жайында сөз қозғауға арқау болды. Әсіресе, депортацияның барлық ауыртпалығын бастан өткерген, «әскери балалықтың» куәгерлері — Н. И. Мельникова мен А.Г. Штихлингтің әңгімелері тыңдармандарды немқұрайды қалдырмады. Кеш барысында «Сұхбат» клубы мүшелерінің қатысуымен повестен үзінділер келтірілді. Біршама шығармалары тарихи шындыққа негізделген, терең ойлы біртұтас туындылар. Өмірдің ащы шындығын қаламмен жеткізген халық жазушысы. Г дара да, дана тұлғасы. Жат елде журсе де, шығармалары оқырмандардың колына жетіп жатыр. Дегенімен, де бұның да көлеңкелі тұстары да мол.