1Киберпедагогика-педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде


КИБЕРПЕДАГОГИКА-ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі30,54 Kb.
#114853
1   2   3   4
1КИБЕРПЕДАГОГИКА-ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Кибер –(ағылшын сөзі «Cyber») – компьютерлік электрондық цифрлық технологиялармен байланысты кибер әртүрлі желілік ресурстарға, ақпараттық объектілер мен оқиғаларға және т.б. сілтеме жасау үшін қолданылатын бүкіләлемдік ғаламдық желілік түбір. Сол себепті білім беру жүйесіне «виртуалды шындық технологиясы» ұғымы мен киберлік әлеументтендіру үдерісінде кибербілім беру және оқыту, арнайы ұйымдастырылған мақсатты, жүйелі іс-әрекеттер маңызды орын алып отыр.
Киберпедагогиканың пайда болуы кездейсоқ емес, педагогикалық ғылым мен оқу тәжірибесінің тарихында заңды құбылыс. Ол педагогиканың, сайып келгенде, ғылым мен практиканың бірлігі дәуіріне енуін білдіреді, бұл адам қызметінің кез келген саласындағы прогрессивті эволюцияның қажетті шарты болып табылады.
Қазақстандық авторлардың пікірінше, интернет-педагогика – бұл педагогиканың бір саласы, барлық жастағы, санаттағы білім алушыларды, стейкхолдерлерді қашықтықтан оқытудың барлық электронды материалдарына бірыңғай жылдам қол жеткізу негізінде электронды оқыту принциптерін іске асыратын жеке іздеу жүйесі.Интернет педагогикасының негіздері дәстүрлі педагогика сияқты, жалпыадамзаттық құндылықтар, отбасы мен қоғамның құндылықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологияларғанегізделген заманауи дидактика құрайды.Шын мәнінде, қоғамның даму тарихында алғаш рет ақпарат пен ғылыми білім оны жетілдірудің құралы ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық қызметінің негізгі өнімі болып табылады. Сонымен қатар, ақпарат пен білім – бұл ақпараттық қоғамның негізгі активтері мен өнімдері, оның одан әрі әл-ауқаты мен әлеуметтік дамуына тікелей байланысты. Ақпараттық және коммуникациялық, электрондық, цифрлық, компьютерлік және интернет-технологиялар осы дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығын тағы бір рет атап өткен жөн.Ол технологиялардың дамуы тез және үздіксіз өзгерістермен сипатталатын ортаны тудырады.
Білім беру тарихына үңілсек, киберпедагогиканың пайда болуының, дамуының өз негіздері бар. Адам өмірінің мәдени, тарихи, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық негіздері уақыт өте келе тарихи сипаттағы ақпараттық төңкерістермен анықталды. Мысалы, XX ғасырдың ортасын ақпараттық технологиялардың қалыптасуының, компьютерлер мен компьютерлік желілерді, мәліметтер базасын құрудың бастау кезеңі деп айтуға болады. Осы кезеңнен бастап білім саласында жаңа оқу тәсілдері, жүйелері пайдалана басталады. Олардың ішінде: бағдарламаланған оқыту; нейрожелілік педагогика; кибернетикалық оқыту тұжырымдамасы; кибернетикалық дидактика және т.б.
В.А. Плешаковтың зертеуінше, XX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың 90-жылдарына дейін жалғасқан уақыт – Төртінші ақпараттық революция кезеңі. Бесінші ақпараттық революция, ғалымның пікірінше, XX ғасырдың соңында басталды: «... ол қазіргі адамзатқа өркениет эволюциясының сапалы жаңа кезеңіне – киберэволюцияға көшуге мүмкіндік беріп, бүкіл әлемдегі әлеуметтік құрылымдардың жаңа түбегейлі өзгерістерінің катализаторы болды» [1].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет