1Киберпедагогика-педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде


КИБЕРОНТОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ДАМУЫ



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі30,54 Kb.
#114853
1   2   3   4
Байланысты:
2 мөж кибер

КИБЕРОНТОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ДАМУЫ

ХХІ ғасыр басында педагогика, психология ғылымдарында жаңа технологияларға, жаңа концепцияларға кең жол беріле бастады. Теорияға негізделген киберонтологиялық тұжырымдама дами бастады. Осы проблемаға жоғары мән берген ресей ғалымдары В.А. Плешаков, В.П. Беспалько, Н.А. Обыденкова, Н.А. Сляднева және т.б.
Киберонтологияны В.АПлешаков «даму деңгейімен анықталатын киберқауіптіліктегі адам өмірі және/немесе тіршілік әрекеті» деп сипаттайды[2]. Киберонтологиялық тұжырымдамаға сәйкес адамның білімі оның өмір сүру жағдайларымен анықталады. Сондықтан адам өмірінің жаңа ортасы – киберкеңістік деген ұғым пайда болады. Кейбір ғалымдардың түсінігі бойынша «киберкеңістік – ақпараттық-техникалық инфрақұрылымның өзара тәуелді жиынтығын, оның ішінде деректерді сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге және алмасуға арналған ақпараттық және телекоммуникациялық желілер мен компьютерлік жүйелерді қамтитын ақпараттық ортаның ғаламдық саласы. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша, адам үшін «виртуалды» шындықты құратын құрылым, әлемнің техникалық, ақпараттық және әлеуметтік шындықтарының өзара байланысы. В.А. Плешаков оны «ноосфераның желілік ақпараттық бейнесі» ретінде сипаттайды.
Кибервиртуалды кеңістік – ерекше әлем. Онда оған, яғни адамға, толық қатысудың әсері іскеасырылады және іс жүзінде адамзаттың өмір сүруінің жаңа баламасы болып табылады. Сондықтан,киберкеңістік жеке тұлға психологиясымен тікелей байланысты.Адамдар киберкеңістікті өздерінің қарым-қатынасы және мүдделерін көрсететін өзін-өзі көрсету ортасы ретінде жиі қолданады. Психоанализ тұрғысынан киберкеңістікті жеке адамның интрапсихикалық кеңістігі болып табылатын орта ретінде сипаттауға болады.
Бүгінгі таңда киберкеңістік адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, оны толықтырады және тіпті алмастырады (соңғысы әдетте кибер немесе интернет – тәуелділік ретінде қарастырылады). Жеке тұлғаның киберкеңістікке интеграциялану дәрежесіне сәйкес, киберкеңістіктен толық бас тартқан, «Маугли» деп аталатындардан бастап, киберкеңістікке толығымен интеграцияланған «эмигранттар» деп аталатын адамдардың жаңа жіктелуі туралы айтуға болады. Мұндай жіктеу В.А.Плешаковтың еңбектерінде сипатталған.Сонымен, тарих барысында киберкеңістіктегі белсенді өмірге, негізінен ақпаратты визуалды қабылдауға және білімді жүйелеуге көшкен адам, қазір жаңа технологиялардың әсерінен өз психикасын өзгертудің өте жылдам үдеріс жағдайында екені мәлім. Киберкеңістік ұғымымен қатар «цифрлық орта», «цифрлық білім беру ортасы», «цифрлық білім беру кеңістігі», деген терминдер жиі қолданылады. Ресей ғалымдары Е.С.Ларина және В.С.Овчинскийдің түсінігі бойынша: «Цифрлық орта – ақпараттық технологиялар мен киберкеңістіктің алуан түрлілігін беру арқылы физикалық әлемнің әртүрлі нысандарын басқаружелілер мен телекоммуникациялық арналар арқылы сигналдар түріндегі бағдарламалар». Авторлардың пікірі бойынша, оның инфрақұрылымы, құрылымы және ультра құрылымы бар. Адам өмірі технологиямен тығыз байланысты, бұл адами қатынастардың сипатын түбегейлі өзгертеді. Дж. Палфридың айтуы бойынша, цифрлық дәуірдің балалары нарықтық тенденцияларды өзгертеді, сонымен қатар экономиканың көптеген салаларын, білім беру жүйесін және әлемдік саясатты түбегейлі өзгертеді. Осыған байланысты әлеуметтік нормалардың жиынтығын, цифрлық әлемде навигация дағдыларын, ақпаратты пайдалану мәдениетін және оған сыни көзқарасты қалыптастыру қажеттілігімен байланысты көптеген проблемалар туындайтыны мәлім. Тағы да бір назар аударатын жайт – әрбір адам әлеуметтік және психо-жастық мәртебесінен, этникалық және конфессиялық қатыстылығынан, отбасылық-неке жағдайынан, мүліктік және материалдық жағдайынан басқа, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін әлеуметтенудің нақты әлеуетіне, сондай-ақ киберәлеуметтену мүмкіндіктеріне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет