1Киберпедагогика-педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде



бет1/4
Дата06.06.2023
өлшемі30,54 Kb.
#99039
  1   2   3   4
Байланысты:
2 мөж кибер


Жоспар:
Кіріспе
1Киберпедагогика–педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде
1.1 Киберонтологиялық тұжырымдаманың дамуы
Қорытынды

КІРІСПЕ
Қазіргі әлемнің дамуы өте күрделі де жылдам және ол процесс ақпараттық коммуникациялық бағытпен сипатталады. Адамның қажеттіліктері ақпарат алу, байланыс және басқалармен қарымқатынас орнату тек тікелей ғана емес, сонымен бірге Интернет арқылы да қанағаттандырылады. Ол үрдіс білім беру саласына, білім жүйелеріне өз ықпалын кеңінен әсер етіп жатыр деп айтуға болады. Осы тұрғыда педагогика, психология салаларында жаңа ағымдар байқалады. Онлайн және офлайн оқыту формаларында оқу процесін сапалы қамтамасыз ету мақсатында балаларды, барлық санаттағы білім алушыларды, мұғалімдерді, оқытушыларды, ата-аналар мен ғалымдарды байланыстыратын педагогика ғылымының инновациялық салаларының дамуы.
XXI ғасыр ақпараттық ғасыр болғандықтан жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін түбегейлі өзгертетін педагогикалық технологиялардың бірі – цифрлы технологиялар.Цифрлы технологиялар болашақ педагогтердің инновациялық білім алуының жаңа тәсілдерін меңгеруді қажет етеді. Бұл еліміздегі білім беру ұйымдарының электронды ресурстарға қолжетімділігінің артуымен байланысты болмақ және болашақ мамандардың цифрлы білім алуда электронды ресурстарды пайдаланып, білім қорларынан оқу материалдарын белсенді, саралап меңгеруде цифрлық дағдыларын дамытуға негіз болады. Білім беру саласын цифрландырудың ең басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, халықаралық дейгейдегіәртүрлі зерттеу бағдарламалары аясында, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болашақмамандарды дайындау. Цифррлы Қазақстанның ақпараттану жағдайында болашақ маманның жеке тұлғасын, интеллектуалды мәдениетін, технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін электронды ресурстарды пайдалану оның ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оныңақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табатын кәсіби маман даярлау маңызды болып табылады.
Соңғы кезде педагогика және психология ғылымдарында қарастырылып отырылған проблемаға байланысты жаңа терминдер жиі қолданылып жүр. Олар: виртуалдық педагогика, коммуникациялық педагогика, интербелсенді педагогика, цифрлы педагогика, интернет-педагогика. Сонымен қатар қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде «киберпедагогика» деген ұғымды жиі кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет