1Киберпедагогика-педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде



бет4/4
Дата06.06.2023
өлшемі30,54 Kb.
#99039
1   2   3   4
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңдегі қоғамның қарқындылық дамуы мен әлеуметтік институттарды ақпараттандырудың тереңдігі, барлық салаларды цифрландыру, басқадай факторлар білім беруді одан әрі ақпараттандыру, өзгеруін және жағыртуды талап етеді. Осы жағдайдайлар қоғамдық құндылықтарды өзгеруге апарып, адамды желілік сәйкестендіруге әкелді. Бүгінгі таңда адамға жаңа практикалық дағдылар мен теориялық білім ғана емес, сонымен қатар осы білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру мүмкіндігі қажет. Басқаша айтқанда, адамзат өмір бойы киберәлеуметтендіру контекстінде үздіксіз білім беру мәдениетін жан-жақты дамытуы керек, өйткені жаңа технологиялар дәстүрлі білім беру процесінің шеңберін өзгертеді. Сондықтан педагогика ғылымындағы ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан кейбір ұстанымдар өзгерістерді талап етеді.
Жасалған сараптама бойынша, ғалымдардың пікіріне сүйене отыра, үздіксіз білім беру жүйесінің
дамуында жаңа өзгерістерге сәйкес педагогика, психология ғылымдарындағы жаңа ұғымдардың, терминдердің өз орнын алып жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты пайда болып жатқан негізгі ұғымдар:
- киберонотология;
- киберәлеуметтендіру;
- киберкеністік;
- цифрлық білім беру ортасы, т.б.
Бұл ұғымдар педагогика ғылымында инновациялық сала ретінде киберпедагогиканың негізін құрайды деп айтуға болады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Плешаков В.А. Перспективы киберонтологического подхода в современном образовании // Вестник Московского городского педагогического университета. Серия: педагогика и психология. 2014.№3(29). – С. 1-18
2. Плешаков В.А. Особенности виртуальной компьютерной социализации личности // Проблемы педагогического образования. Сб. науч. ст.: Вып. 25; под ред. В.А. Сластенина, Е.А. Левановой. –М.: МПГУМОСПИ, 2006. –
С 23 25
3.Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 4 (68), 2020 ж
4.Бузаубакова К.Д., Амирова А.С., Маковецкая А.А. Цифрлы педагогика: Оқулық /К.Д.Бузаубакова, Амирова А.С., Маковецкая А.А. -Тараз: «ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2022. -314 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет