1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет56/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

Қоғам жүйе ретінде
Сабақтың мақсаты:
Қоғамды анықтаудың әртүрлі тұрғысын қарастырып, олардың мәнді айырмашылықтарын ашу; қоғамдық дамудың формациялық және өркениеттік концепциялаарының мазмұнын көрсету; қоғамның құрылымдық элементтерін талдап, ерекшеліктері мен өзара байланысын ашу; қазіргі заманның глобальді мәселелеріне, оларды шешу жолдарына және "Шығыс" пен "Батыс" өзара қарым-қатынасына ерекше назар аудару.
Семинар сабақтарының жоспары:
Бірінші сабақ. Қоғам ұғымы және теориялар.
Қоғам ұғымы. Қоғамды әртүрлі тұрғыдан анықтау.
Қоғам дамуының натуралистік концепциялары.
Әлеуметтанудағы географиялық бағыт.
Қоғам дамуының идеалистік концепциялары.
Формациялық көзқарастың басты идеялары.
Қоғам дамуының өркениеттік концепциялары.
Екінші сабақ. Қоғам жүйе ретінде және оның құрылымы.
1. Қоғамның экономикалық саласы және оның құрылымы.
2. Әлеуметтік сала және оның құрылымы.
3. Саяси сала және оның құрылымы.
4. Қоғамның рухани саласы және оның құрылымы.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. "Қоғам" ұғымының әртүрлі мағынада қолдану мысалдарын келтіріңіз.
2. Философиялық тұрғыдан қоғам дегеніміз не?
3. Фатализм мен волюнтаризм дегеніміз не?
4. Маркстік қоғамдық-экономикалық формациялар теорияның басты ұғымдары қандай?
5. Қоғам әруақытта прогрессивтік бағытта дами ма?
6. Қазіргі глобальді мәселелердің қайсысы, сіздің ойыңызша, ең бастысы және неліктен?
Мәдениет дегеніміз не?
Қазіргі Қазақстанды неліктен транзиттік қоғам деп жиі атайды?
Қоғамдық өмірдің негізгі салалары қандай?
Негізгі ұғымдар ( глоссарий ):
Қоғам - адамдардың біріккен практикалық әрекетінде қалыптасатын, белгілі тарихи ортада өмір сүретін қоғамдық қатынастар жүйесі. Сонымен, қоғам дегеніміз индивидтердің барлық өзара байланыстары мен қатынастары.
Әлеуметтанудағы географиялық бағыт - халықтар мен елдердің дамуында олардың географиялық жағдайы мен қоршаған табиғи орта басты роль атқарады деп есептейтін натуралистік ілімдер.
Фатализм - адамның әрбір ісі мен әрекеті алдын-ала жазмышпен , тағдырмен анықталған деп санайтын көзқарас.
Волюнтаризм - болмыстың жоғары бастамасы ретінде ерікті қарастыратын философиялық ілім. Тұрпайы түсінудің түрі - қоғамдық жүйенің тарихи процесінің жүзеге асуындағы объективті заңдары мойындамайтын, барлығы да адам еркінде деп пайымдау.
Қоғамдық келісім теориясы - адамдардың табиғи жағдайының орнына барлығы қабылдайтын, келісілген билік, яғни саяси ұжым - мемлекеттің пайда болуы жайында концепция. Қоғамдық келісімнің мәні - адамдардың өзара қауіпсіздігі үшін, меншік кепілі және басқа да пайда үшін өздерінің еркімен өз бостандығын шектеуі. Қоғамдық келісім теориясының белгілі өкілдері - Руссо, Гоббс, Кант.
Қоғамдық-экономикалық формация - тарихты материалистік пайымдаудың бастапқы және орталық ұғымы. Бұл - қоғамдағы басым өндірістік қатынастар заңдары бойынша қызметін атқаратын және дамитын қоғамдық тарихи тип, әлеуметтік организм. Бұл ұғым маркстік әлеуметтік философияның шешуші ұғымдарының бірі. Тарихи бес қоғамдық-экономикалық формация орын алады: ол - алғашқы қауым, құл иеленушілік феодализм, капитализм, коммунизм.
Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар - материалдық өндірістің екі жағын сипаттайтын категориялар. Өндіргіш күштер - материалдық құндылықтарды жасауға қолданылатын, белсенді, өзгертуші факторлар. Бұған еңбек құралдары мен осы құралдарды іске қосатын адамдардың өзі жатады. Өндірістік қатынастар - материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар.
Базис және қондырғы - қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтері. Базис дегеніміз - қоғамдағы билікті және басым экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қондырғы дегеніміз - идеялардың (саяси, құқықтық, моральдік, көркемдік, философиялық), мекемелердің және қатынастардың жиынтығы. Жалпы алғанда, қондырғы базиске қызмет етеді, оның дамуына көмектеседі, алайда бұл процесті механикалық және догматикалық емес, диалектикалық тұрғыдан пайымдау қажет.
Мәдениет - адамдардың материалдық және рухани әрекетінің жиынтығы мен нәтижелер жүйесі, және белгілі қоғамның өмір сүру тәсілі.
Өркениет - әдетте мәдениеттің синонимі ретінде қолданылатын ұғым, бірақ оның белгілі даму деңгейін көрсетеді, ең алдымен техникалық дамуды белгілейді. Осы тұрғыдан, мынадай теңеу орынды: техника өркениеттің денесі, тәні, ал мәдениет - оның жаны, рухы.
Саяси жүйе - билік жөніндегі қоғамдағы қатынастарды реттейтін идеялар, мекемелер, ұйымдар, сонымен қатар нормалар жүйесі. Саяси жүйенің басты элементі - мемлекет. Саяси жүйенің пайда болу, өмір сүру және даму ерекшеліктері мен қызмет заңдылықтарын саясаттану ғылымы зерттейді.
Мораль - басты қызметі адамдардың бір біріне, адамның қоғамға қатынастарын ерекше нормалар, құндылықтар, идеялар мен принциптер арқылы реттеуге бағытталған қоғамдық сананың және шындықты рухани меңгерудің формасы. Моральді зерттейтін философиялық ғылым - этика.
Дін - ең жалпы түрде, бұл дүниенің және болмыстың табиғаттан жоғары құдіретті бастамасына сенуге негізделген дүниеге көзқарас пен адамдардың әрекет тәсілінің түрі.
Өнер - ерекшелігі шындықты көркем бейне арқылы тануда және әсемдік заңдылықтары бойынша жүзеге асатын адам әрекетін көрсететін қоғамдық сананың түрі. Эстетикалық сананың көрінісі ретінде өнерді зерттейтін философиялық ғылым - эстетика.
Ғылым - шындықты теориялық бейнелеудің жоғары түрі. Ғылым - арнайы қоғамдық әрекет арқылы алынатын және қолдану бойынша практикалық қоғамдық күшке айналатын, шындықтағы мәнді байланыс туралы объективті динамикалық дамушы білімдер жүйесі.
Қазіргі заманғы глобальді мәселелер - барлық адамзатқа қатысы бар және тек барлық адамзаттың бірігіп шеше алатын мәселелер жүйесі. Бұған демографиялық, экологиялық, азық-түліктік, ішкі заттық, энергетикалық, ядролық соғыс және т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет