2- дәріс. ҚР еңбек қорғау саласындағы ұлттық саясаты. «Еңбек қорғаудың» құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері



Дата13.11.2022
өлшемі35,5 Kb.
#49743

2- Дәріс. ҚР еңбек қорғау саласындағы ұлттық саясаты. «Еңбек қорғаудың» құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.

Еңбек қорғау – өзекті мәселелердің бірі. Республиканың кәсіпорындарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйі Үкіметінің және өкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.


Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады.
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен берілген тәсілдерді қолдана
отырып, жеке ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтыгына демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік- құқықтық базаның жеткіліксіздігіне байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі - еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта 2004 жылы "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" заң, 2007 жылдан Еңбек Кодексі күшіне енді. Бұл заңдар ҚР еңбекті қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері мен мемлекеттік саясаттың еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттарын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аппараттарды алдын ала жөніндегі шараларды белгілейді.
Сонымен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер деп эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптарды айтамыз.
Еңбек қорғау жөніндегі нормативті актілерге төмендегілер жатады:
– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық эпидемиялогиялық басқаруымен келісілген, санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналар нормативтер эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар.
– атқарушы биліктің орталық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Еңбек қорғау департаментімен келісім бойынша бақылаушы органы және сәйкесті қадағалаумен аймақтық ұсынымдағы еңбек қорғау бойынша нұсқамалар мен ережелер.
– Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарттары (ЕҚСЖ)
ЕҚСЖ-ға мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесінің; аймақтық стандарттар (ОСТ)
– министрлікпен орындаушы биліктің басқада орталық органдарының;
қоғамдық стандарттар – қоғаммен келісілгендер кіреді.
Еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі (ЕҚСЖ) еңбекті қорғау талаптары бойынша сәйкес министрліктер мен ведомстволар дайындайтын жалпы ережелер мен нормалары, стандарттары түрінде орындалады. Мекемелерді және өндірістерді жобалауда, сауда саттық пен тауарларды қолдануға беруде міндетті түрде сақталатын ережелер, нормалар мен инструкциялар жалпыға бірдей болуы керек. Мұндай құжаттарға құрылыс ережелері мен нормалары, санитарлық ереже мен нормалар т.с.с жатады. Жалпыға ортақ ережелерімен қатар салалық ереже мен нормалар болады.
ЕҚСЖ төмендегі категориялы стандарттардан тұрады: мемлекеттік, салалық, республикалық, өнеркәсіптік( МЕСТ, ССТ, РСТ, ӨСТ)
МЕСТ жүйесіне 0-ден 9-ға дейінгі топтар кіреді:
0 – ұйымдық-әдістемелік стандарттар ( ССБТ құрлымы, қауіпті және зиянды өндірістік фактолардың жіктемесі, конструкторлық және технологиялық құжаттарға қауіпсіздік талапары)
1 – қауіпті және зиянды өндірістік факторларға қойылатын талаптар мен нормалардың мемлекеттік стандарттары, факторлардың сипаттамалары; рұқсат етілген деңгейлер және концентрациялар, оларды бақылау әдістері, жұмыс істейтіндерді қорғау әдістері мен құралдары.
2 - өндірістік құрал-жабдықтардың конструкцияларына және жеке элементтеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының стандарттары
3 - өндірістік процестердің қауіпсіздік талаптарының стандарттары
4 – жеке және ұжымдық қорғау құралдарының қауіпсіздік талаптарының стандартарыы
5 – 9 – резерв.
Құрлыс нормалары және ережелері санитарлық нормалармен және лифтерді, қазандықтарды, электроқондырғыларды пайдаланудың салалық ережелерімен толықтырылады (СН, СП, СанПиН).

Жоғарыда аталған нормативтік актілер ҚР 11.11.2004 №1182 үкіметтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдарымен өңделеді және мақұлданады.


Актілердің негізінде Қазақстан Республикасының әрбір субъектісі нақты өндірістік шарттарды ескере отырып, еңбек қорғау өндірістік санитария және гигиена бойынша ҚР 02.12.2004 жыл №278 п. Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің жарлығымен орнатылған ережелер бойынша ішкі фирмалық нұсқаунамалар жасалады. Қазақстан Республикасының интеграциясы әлемдік еңбек нарығына оны халықаралық ұйымдарға еңгізу қажеттілігін анықтады және еңбек қорғау жөніндегі сәйкестік құжаттарға қол қоюға тартты, сонымен:
- 13.06.96ж. №7-1 ҚР заңымен Еңбек туралы халықаралық ұйымның №155 конвенциясы (Женева, 3.06.1981ж.) қабылданды;
- ҚР президентінің жарлығымен 04.09.95 №2451 еңбек қорғау саласында ынтымақтастық келісім қабылданды (Мәскеу, 9.12.1994ж);
- ҚР президентінің Жарлығымен 25.08.95 №2423 тергеу тәртібі жөнінде келісім қабылданды (Мәскеу 9.12.1994ж);
- ҚР жарлығымен 25.05.95 №2303 зиян тигізгені үшін бір біріне есемсін қайтару жөнінде келісім қабылданды;
- 26.06.96ж. №10-1 ҚР Заңы мен еңбек туралы халықаралық ұйымының №148 конвенциясы қабылданды.
Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет