Реферат Тақырыбы: Еңбек гигиенасы Орындаған: Асубай Ж. Р. Тексерген: Қыздарбекова Ш. С. Жоспар: Кіріспе



бет1/5
Дата07.05.2023
өлшемі29,45 Kb.
#90823
түріРеферат
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Физика-техникалық факультеті
Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасы

Қарағанды,2021




Реферат
Тақырыбы: Еңбек гигиенасы

Орындаған: Асубай Ж.Р.


Тексерген: Қыздарбекова Ш.С.

Жоспар:


  1. Кіріспе

Еңбек гигиенасы туралы жалпы түсінік

  1. Негізгі бөлім

  1. Гигиена ғылымының даму тарихы

  2. Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органдары. Санитарлық дәрігердің жұмыс формалары


  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Еңбек гигенасы туралы жалпы түсінік
Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена – еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена саласы.
Еңбек гигиенасының ағымдағы міндеті, халық шаруашылығының өркендеп даму бағытына қарай, еңбек ету жағдайын және сауықтыруды, сонымен бірге кәсіби аурушаңдықты жою және мүмкіндігінше төмендету.
Еңбек гигиенасы мынандай мәселелерді қарастырады:

  • гигиеналық нормативтер;

  • санитарлық ереже жағдайына қарай өндірісті қалыпты ұстау;

  • еңбек үрдісін тиімді етіп жұмыс орындарын сақтау және еңбек режимі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру.

Практикалық іс әрекеттің мәні – санитарлық гигиеналық бақылау, құрылған және жобаланған өндірістік нысандарды, ауыл шаруашылығын т.б. құрылымдарды, еңбек гигиенасын санитарлық қадағалау. Өндірістік ортаның нормалық факторларына экспериментті зертттеулер жүргізеді, ол үшін электрофизиологиялық, токсикологиялық, гематологиялық, эмбриологиялық және т.б. әдістерді пайдаланады. Еңбек гигиенасы көптеген ғылым (биохимия, биофизика, патофизиология, нефрология, дерматология, оториноларингология т.б.) салаларымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет